Қазақстан чемпионатында малайзиялықтар топ жарды

14.06.2017

102
Қазақстан чемпионатында малайзиялықтар топ жарды Малайзиялықтар Қазақстан чемпионатында Өскеменнің намысын қорғады (фото: Эдуард Гавриш)

Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында үш қарғып секіруден малайзиялық атлеттер Исмаил Хакими мен Рамасами Киртана Қазақстан чемпиондары атанды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан чемпионатына Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан малайзиялық атлеттер мен кениялық желаяқтар да қатысуда. Бірақ, олар «байқаудан тыс» өнер көрсетіп жатқандықтан, олардың көрсеткіштері ел чемпионатының қорытынды кестесіне әсер еткен жоқ. Олар өз медальдарын алды, ал хаттамада 1-орын иегері ретінде өз спортшыларымыз жазылды.

Сонымен, жігіттер арасында 16,45 метрге қарғыған малайзиялық Исмаил Хакими жеңіс тұғырының биігіне көтерілсе, алғашқы екі мүмкіндігін ғана кәдеге жаратып, қалғандарында фальстарт жасаған павлодарлық Роман Валиев екінші орынға көтерілді. Ал тағы тәжірибелі атлетіміз Евгений Эктов үшінші орынды қанағат қылды.

Әйелдер арасындағы бәсекеде де бас жүлде малайзиялыққа бұйырды. Рамасами Киртана біздің қыздардың ұнжырғасын түсіріп жатқанда, «әттең, осы жерде Рыпакова болғанда ғой» санымызды сабалаумен болдық. Рыпакованың өзі «Гауһар лига» додасының кезекті кезеңіне дайындалып жатқандықтан Қазақстан чемпионатына қатыса алмаған болатын. Қыздардың өнерлеріне тек трибунадан ғана баға беріп жатты.

Үш қарғып секіру

Ерлер:

1. Роман Валиев (Павлодар) – 16,08 м.

2. Евгений Эктов (СҚО) – 15,91 м.

3. Иван Соловьев (ШҚО) – 15,25 м.

Байқаудан тыс. Исмаил Хакими (Малайзия) – 16,45 м.

Әйелдер:

1. Мария Овчинникова (Қарағанды) – 13,25 м.

2. Анна Городкова (ОҚО) – 13,20 м.

3. Марина Хусейнова (Алматы) – 12,08 м.

Байқаудан тыс. Исмаил Хакими (Малайзия) – 13,64 м.

Тізімге қайта оралу