Спорттық жүрістен әлем кубогы 2018

Есептегіш

8

Күн
Тайцанг, Қытай

Виктория Зябкина «BAQ league» турнирінің үздіктерін марапаттауға қатысты

23.07.2017

Бек Төлеуов  
188
Виктория Зябкина «BAQ league» турнирінің үздіктерін марапаттауға қатысты Суретте Виктория Зябкина және «Хабар» қақпашысы Айбек Қабылша

Жеңіл атлетикадан 2017 жылғы Азияның үш дүркін чемпионы Виктория Зябкина кеше Астанада өткен «BAQ league» додасының жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.

Журналистер арасында жоғары беделге ие бола бастаған «BAQ league» доп додасының жазғы маусымы 20 мамырда басталған болатын. Биылғы біріншілікке Астана қаласындағы 14 БАҚ өкілінің командасы қатысты. Осылардың арасында 31 ұпай жинаған «Хабар» агенттігінің командасы екінші маусым қатарынан чемпион атанды. Ал екінші орынға турнирдің дебютанты «Елорда Ақпарат» медиа ресурсы қол жеткізді. Үздік үштікті «Астана» телеарнасы түйіндеді.

Ал кеше лигамен қатар ұйымдастырылып жүрген «BAQ league» кубоыгының жартылай және финалдық кезеңі өтті. Үздік төрттіктің қатарына «Қазақ радиосы», «Хабар», «Жеңіс», «Қазспорт» командалары кірген болатын. Осылардың арасында финалға «Хабар» мен «Жеңіс» командалары суырылып шықты.

Ұйымдастырушылар арнайы шақыртқан Азияның үш дүркін чемпионы Виктория Зябкина финалдық матчты толықтамашалады.

Финалда «Хабар» қарсыласын 7:2 есебімен жеңіп, чемпионатпен қатар кубокты да ешкімге бермеді.

Ойын аяқталысымен жеңімпаз және жүлдегерлерді командаларды сондай-ақ үздік ойыншыларды марапаттау рәсімі өтті. Виктория Зябкина осы шаралардың барлығына қатысып, үздіктердің мойнына медаль тағып, кубокты тапсырды.

– Мен сіздердің барлықтарыңызбен мақтанамын. Жұмыстан кейін уақыт тауып, спортпен белсенді айналысу кез келгеннің қолына келе бермейді. Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы көпшілікке үлгі болып жүрсіздер.Жеңімпаз команда «Хабарды» және жүлдегерлерді құттықтаймын. Алдағы уақытта да осы қарқындарыңыздан таймаңыздар. Тағы да мереке құтты болсын!, – деді марапаттау рәсімінде Виктория Зябкина.

Тізімге қайта оралу