Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

3

Күн
Дунгань, Қытай

Бапкерлердің біліктілігін артыратын курс тағы үш қалада жалғасын табады

05.09.2017

100
Бапкерлердің біліктілігін артыратын курс тағы үш қалада жалғасын табады

Алдағы күндері еліміздің тағы бірнеше қаласында жеңіл атлетика саласында қызмет атқарып жүрген жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға арналған оқу курс өткізіледі.  

Бұған дейін Өскемен қаласында өткізілген болатын. Ол кезде халықаралық оқу курсында  шеберлік сабағын өткізуге орта қашықтыққа жүгіру бойынша (3000 метр) 1998 жылғы Олимпиада чемпионы және әлемнің үш дүркін жеңімпазы Татьяна Самоленко, онсайыстан КСРО рекордсмені, Халықарарлық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) жоғары дәрежелі лекторы Александр Апайчев келген болатын.

Тамыз айының соңында Астанада аймақтық федерациялардың өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткен болатын. Сол кезде бұл курсты басқа қалаларды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Енді қазан айының ортасында Шымкентте, қарашада Қарағандыда, желтоқсанда Алматыда жалғасын табады. Курсты ҚР жеңіл атлетика федерациясының ғылыми-техникалық орталығы.

Осы орталықтың жетекшісі Александр Кругликовтың айтуынша, алдағы курстарға танымал шетелдік мамандарды шақыру көзделген.

Тізімге қайта оралу