Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

3

Күн
Дунгань, Қытай

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жасалған мүмкіндік

19.10.2017

99
Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жасалған мүмкіндік

Бүгін Қарағандыда  облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің алғашқы жаттығулары өтті.

Спорт мектебі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірігіп жаңа жобаны қолға алған. Бұл жоба аясында балалар үйінің тәрбеленушілері спорт мектебіне еркін кіре алады.

– Аталған жоба жеңіл атлетика спортының барлығына қол жетімді екенін көрсетеді. Биылғы жылы біздің мектеп газель көлігін алды. Соның арқасында алғашқы жобамызды жүзеге асырып жатырмыз. Көлік жүргіушісі «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілерін жаттығуға алып келіп, біткен соң апарып тастайды. Жаттығу 1,5 сағатқа жалғасады, – дейді спорт мектебінің директоры, Олимпиада ойындарының жүлдегері Дмитрий Карпов.

Жаңа жоба аясында балалар үйінің 14 тәрбиеленшуісі екі мезгіл жеңіл атлетикамен айналысуға мүмкіндік алып отыр. «Әсем» балалар үйінің жеке спорт залы жоқ екен. Сондықтан олар үшін бұл керемет мүмкіндік.

– 2012 жылдан бері балалар үйінің тәрбиеленушілері спорт мектебіне барып жүр. Бұрын тек жоғары сыныптың оқушылары ғана айналысатын. Өйткені өзіміздің жеке көлік болған жоқ, балалар қоғамдық көлікпен қатынайтын. Биылғы жылы жаңа транспорттың арқасында балалар жеңіл атлетика үйірмесіне қатысуға мүмкіндік алып отыр, – дейді Әсем» балалар үйінің директоры Светлана Прокопив.

Облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде бапкерлік қызмет атқаратын Наталья Максименконың айтуынша, балалар үйінің тәрбиеленушілерінің потенциалы өте жоғары.

– Балалар туралы жақсы пікірдемін. Олар өздерін тек жақсы жақтарынан көрсете білді. Бұл балалардың  спортпен айналысуға деген құлшыныстары жоғары. Көздерінен спортқа деген қызығушылықтың ұшқыны байқалады. Сондықтан мәжбүрлеудің еш қажеті жоқ. Өз еріктерімен келіп, алдарына үлкен мақсат қойған.  Әр күн сайын жаңа жаттығулар үйренуге тырысады. Барлығы да чемпион болғысы келеді, сол үшін дайындық кезінде бар күштерін салып жаттығады, –дейді Наталья Максименко.

Тізімге қайта оралу