Барсанов және Никитенконың шәкірттері

25.04.2018

83
Барсанов және Никитенконың шәкірттері

1-21 сәуір аралығында Түркияның Белек қаласында өткен жаттығу оқу-жаттығу жиындарына Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Любовь Никитенко мен Николай Барсановтың шәкірттері де қатысты.

Алматылық спринтерлерді жаттықтырып жүрген тәжірибелі бапкер Любовь Никитенко Түркияға толық құраммен барды. Атап айтсақ, Виктория Зябкина (100, 200 метр), Светлана Голендова, Элина Михина, Любовь Ушакова (200 және 400 метр), Әйгерім Шыназбекова және Орынгүл Зкриенова (100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Александр Каспер (100 және 200 метр) бар.Белекте Никитенконың тағы бір шәкірті Мерджен Ишангулиева жарақатынан айығып, жаңа маусымға дайындық жүргізді. Тек Юлия Рахманова болған жоқ. Ол қыстан бері жарақатын емдеумен жүр.

Савин, Шишигина секілді Олимпиада чемпиондарын дайындаған маман жас шәкірттерінің жұмысына көңілі толатын секілді. Зябкина бастаған атлеттердің тапсырған тесті Никитенконың көңілінен шығып отыр. Жаңа маусымда былтырғыдан да жоғары нәтиже көрсетеді деп үміті бар екенін тәжірибелі жасырған жоқ.

Ал қарағандылық бапкер Николай Барсанов Түркияға қоластындағы шәкірттерінен ағайынды Земстерді және Владислав Григорьев пен Давид Ефремовті ертіп апарды.

Былтыр Григорьев халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындап, 200 метрге жүгіруден Азияның үздік ондығына енді. Енді биыл 19 жастағы Вячеслав Земстың қарқыны қуантады. Ол 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруге маманданған. Қазақстанда Вячеславқа бәсекелес жоқ. Енді Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсетсе деген үміт бар.

Вячеславтың ағасы Виталий болса, Григорьев секілді 100-200 метрге жүгіреді. Осы төрттіктің ішінде ең жасы – Давид Ефремов. 

Тізімге қайта оралу