Биіктікке секіруші Дубовицкая Рыпакова турнирінің рекордын жаңартты Фото - VKsport.kz
258

Биіктікке секіруші Дубовицкая Рыпакова турнирінің рекордын жаңартты

Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жабық кешендегі IV халықаралық турнирде биіктікке секіруден Роман Лошкарев пен Надежда Дубовицкая жеңіске жетті.

Биіктікке секіру сайысынан ерлер арасында негізгі бәсекелестік алматылық Роман Лошкарев пен спортқа қайта оралған Сергей Засимович (ШҚО) арасында өрбіді. Қазақстан чемпионатында да дәл солай болған. Екеуі де соңына дейін бас жүлдеден үмітті болған. Жеңімпаз тек қосымша көрсеткіштер бойынша анықталды. Әйтпесе, екеуі де жарысты 2.08 метрмен аяқтады.

Әйелдерден тағы да семейлік Надежда Дубовицкаяға қарсылас табылмады. Ол турнирдің жаңа рекордын орнатты – 1.84 метр. Дубовицкая кейіннен 1.88 метрге тапсырыс бергенімен, бұл биіктікті бағындыра алмады.

Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарыс. 20 қаңтар. Биіктікке секіру, ерлер:

1.     Роман Лошкарев (Қазақстан) – 2.08; 

2.     Сергей Засимович (Қазақстан) – 2.08; 

3.     Антон Боднар (Қазақстан) – 2.04. 

Биіктікке секіру, әйелдер:

1.     Надежда Дубовицкая (Қазақстан) – 1,84 м 

2.     Елизавета Матвеева (Қазақстан) – 1,75 м 

3.     Александра Кривицкая (Қазақстан) – 1,75 м.

Тізімге қайта оралу