Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

9

Күн
Джакарта, Индонезия
Бүгін Астанада марафон
246

Бүгін Астанада марафон

Елордамызда ШЫҰ кәсіпқой марафоны басталды. Бірер уақыттан кейін қатысушылар сөреге шығуға дайындалып, марафонды бастап кетеді.

Таң әлекеуімнен Астананың «MEGA SILK WAY» ойын-сауда орталығының алаңында мейрам. Таң атпастан марафонға жиналған әуесқойлар мен кәсіпқойлар бой қыздырып, жаттығуларын жүргізуде. Жүргізуші де барша жиналған қауымды сахна алдына шақырып, жаппай бірге жаттығу жасауға шақыруда.

Алдымен 42 км, 195 метрдің спортшылары сөреге шығып, бірінші кәсіпқойлар алға бастап кетеді. Одан кейін әуесқойлар. Марафон ұзап кеткеннен кейін сөреге шығуға 10 шақырымның спортшылары шығады. Ең соңында 2017 метрлік EXPO Run жарысы.

Естеріңізге сала кетейік, марафонның маршруты MEGA SILK WAY ойын сауда орталығынан басталып, ары қарай мына көшелермен жүреді: Қабанбай батыр даңғылы – Ұлы дала көшесі – Мәңгілік ел даңғылы – Шәмші Қалдаяқов көшесі – Жұмекен Нәжимеденов көшесі – Сарыкөл көшесі – Ахмет Байтұрсынов көшесі – Рахымжан Қошқарбаев даңғылы – Мағжан Жұмабаев даңғылы – Бауыржан Момышұлы даңғылы – Абылайхан даңғылы – Мағжан Жұмабаев даңғылы – Рахымжан Қошқарбаев даңғылы – Тәуелсіздік даңғылы – Бауыржан Момышұлы даңғылы – Сарайшық көшесі – Дінмұхамед Қонаев көшесі – Достық көшесі – Мәңгілік ел даңғылы – Ұлы дала даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы - MEGA SILK WAY (мәре).

Марафонның бас жүлдесі 13 мың доллар. Дегенмен, ол үшін ерлер аталмыш қашықтықты 2 сағат 20 минуттың ішінде, әйелдер 2 сағат 40 минутта жүгіріп өтіп, бірінші орынды иемденуі тиіс. Егер мәрені бірінші болып қиғанымен әлгі уақыттан кешігер болса, онда жеңімпаз атанғаны үшін 7,5 мың АҚШ долларынан еншілейді.

Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Тізімге қайта оралу