Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

9

Күн
Джакарта, Индонезия
Бүгін – Халықаралық әйелдер күні
174

Бүгін – Халықаралық әйелдер күні

Бүгін елімізде ресми түрде – Халықаралық әйелдер күні ретінде белгіленген. Алғашқыда бұл мерекенің саяси маңызы болды. 1910 жылы Копенгагендегі әйел социалистердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері К. Цеткиннің ұсынысы бойынша 8 наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды.

1914 жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды. Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады.

Қазақстан Республикасында да бұл мерекеге аса мән беріліп, осы күні елорда мен барлық облыстарда мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы ақ жаулықты әжелерді, ардақты аналарды және қаракөз қарындастарды көктемнің алғашқы лебімен бірге келетін мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілейді.

Жеңіл атлеттердің арасында да арулар өте көп. Тәуелсіздік жылдары Ольга Шишигина мен Ольга Рыпакова Олимпиада чемпионы атанды. Өзге де сұлу спортшыларымыз еліміздің намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғап жүр.

Тізімге қайта оралу