Бүгін – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
171

Бүгін – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Осыдан 26 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғары Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда  қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Тәуелсіздік жылдары қазақ жеңіл атлетикасы ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Ольга Шишигина мен Ольга Рыпакова Олимпиада чемпиондары атанды. Дмитрий Карпов қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ әлем, Азия чемпионаты мен ойындарында біздің жеңіл атлеттер Қазақстанның әнұранын шырқап, көк туын желбіретті.

 
Еліміздің ең қасиетті, ең құрметті мейрамы құтты болсын! Тәуелсіздігіміз баянды болып, спортшыларымыз жеңістерімен қуанта берсін. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы барша отандастарымызды еліміздің ең ұлы мейрамымен құттықтайды. 

Тізімге қайта оралу