ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
  Бүгін Алматыда төрешілерге арналған курс аяқталады
166

Бүгін Алматыда төрешілерге арналған курс аяқталады

27 желтоқсан күні Алматыда өтіп жатқан төрешілер арналған курс аяқталады.

Еліміздің 20 төрешісі курстан соң, Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) арнайы сертификатына ие болады.

Бұған дейін Қазақстанның әр аймағынан үздік 20 төреші таңдалынып алған болатын. Олар – Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласынан. Қазылардың көбісі –  «Жоғары дәрежелі ұлттық төрешілер».

Қазақстандық жеңіл атлетика арбитрларына дәріс оқуға Азияның ең үздік төрешілерінің бірі – Вадим Нигматов келген. Тәжікстандық маманның жастығына қарамастан ірі халықаралық додалардағы тәжірибесі мол. Ол Азия ойындары мен Азия чемпионатында, бүкіләлемдік Универсиада, Олимпиада ойындары, «Гауһар лигада» төрелік еткен. 33 жастағы Нигматов 2006 жылы халықаралық дәрежедегі төреші атанды. Сөйтіп, жеңіл атлетикадағы әлемнің ең жас төрашісі атанды.

ҚР жеңіл атлетика федерациясы ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі Александр Кругликовтың айтуынша, курстың мақсаты алдағы уақытта елімізде халықаралық додаларда төрешілік ететін жоғары деңгейлі арбитрлардың санын көбейту.

 

Тізімге қайта оралу