XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

BI Group компаниясы Астана марафонына қолдау білдірді

24.08.2017

186
BI Group компаниясы Астана марафонына қолдау білдірді

Еліміздегі ірі инвестициялық-құрылыс холдинг әрі Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы танымал көшбасшы BI Group қызметкерлері 27 тамызда Астанада өтетін халықаралық марафон қатысады.

Комапания басшысы Айдын Рахымбаев бастаған 180 қызметкер қазіргі кезде тіркеуден өткен.  Жалпы, бұл компания жыл сайын салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өздерінің BI-Марафонын өткізеді.

Айдын Рахымбаев –  спортқа жақын еліміздегі танымал тұлғалардың бірі. Үнемі осындай бұқаралық іс-шаралардың басы қасында жүреді.

   Айта кетейік, компания 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде өз ісінің кәсіпқойы әрі сенімді серіктес ретінде абыройға ие болды. Бүгінде BI Group холдингі – құрамында құрылыстың әртүрлі саласында еңбек ететін бірнеше дивизондары бар көпсалалы компания.

Еске сала кетсек, алдағы жексенбі күні Астанада халықаралық ШЫҰ марафоны өтеді. Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Марафон додасы үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы  классикалық марафон – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек,  ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген. 

Марафонға кәсіби спортшылардан бөлек, жүгіруге әуес жандардың барлығына қатысуға мүмкіндік бар. Тіркелу http://scomarathon2017.com/kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

Тізімге қайта оралу