Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

28.08.2017

92
Бұйырмаған алтын...

Қытайлық Тайпэйде өтіп жатқан бүкіләлемдік жазғы Универсиада ойындарында 4х100 метрге эстафеталық жүгіруден қыздар құрамасы алтын медаль жеңіп алып еді...

Өкінішке қарай, кейіннен бұл алтынды ұйымдастырушыларға қайтаруға тура келді.

Қазақстан құрамасы сапында Виктория Зябкина, Ольга Сафронова, Светлана Голендова, Рима Кашафутдинова жүгірді. Жерлестеріміз мәреге 44, 14 секундта жетіп, Швейцария мен Польшадан озып кеткен болатын.

Алайда ең бірінші болып жүгірген Рима Кашафутдинова ереже бұзып, Қазақстан құрамасының нәтижесі есепке алынбай қалды. Сөйтіп, алтын Швейцарияның еншісінде кетті.

Біздің қыздар осыдан 2 жыл бұрын Кванджуда чемпион атанған болатын.

Тізімге қайта оралу