Бирмингем-2018:Бүгін Қазақстан спортшылары жарыс жолына шығады
264

Бирмингем-2018:Бүгін Қазақстан спортшылары жарыс жолына шығады

Бүгін, яғни, 2 наурыз күні Бирмингемде басталған жабық кешендегі әлем чемпионатының жарыс жолына 400 метрге жүгіретіндер шығады.

Ерлер арасында Қазақстан намысын Михаил Литвин қорғайды. Солтүстік Қазақстан облысының спортшысынан бөлек, бұл сайыста тағы 31 қатысушы бар.

Жалпы, ұйымдастырушылар 32 қатысушыны 6 топқа бөлген. Литвин – төртінші топқа түсіпті. Оның тобында басты фаворит – америкалық Мичел Черри. Биылғы маусымда 400 метрді 45.53 секундта жүгірген. Одан бөлек, украиналық Виталий Бутрым бар.

Жартылай финалға 32 қатысшының 18-і өтеді. Әр топтың екі үздігі және уақыт көрсеткіші жоғары тағы 6 қатысушы келесі кезеңге шығады. Іріктеу кезеңі бүгін Астана уақыты бойынша 17:20-да басталады.

Қыздардан Элина Михина мен Светлана Голендоваға сенім артамыз. Әйелдер арасындағы сайысқа 34 қатысушы тіркелген. Михина алғашқы іріктеу тобына түскен. Онымен бірге өз елдеріндегі осы қашықтықтағы көшбасшы Кортни Около (АҚШ) мен Мария Белимпасаки (Грекия) жүгіреді. Около биылғы маусымдағы ең үздік нәтижені тіркеген спортшы – 51.16.

Ал Светлана Голендова іріктеу кезеңінде төртінші топта. Жамбыл облысының атлетінің тобына фавориттерден – Жустина Светти-Ерсетик (Польша), Джое Кларк (Ұлыбритания) түскен.

Әйелдер арасындағы 400 метрге жүгірудің іріктеу кезеңі Астана уақыты 18:10-да басталады.

Тізімге қайта оралу