Бирмингем-2018: Михаил Литвиннің алғашқы әлем чемпионаты
193

Бирмингем-2018: Михаил Литвиннің алғашқы әлем чемпионаты

Ертең Ұлыбританияның Бирмингем қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты басталады. Қазақстан намысын 400 метрге жүгіретін спортшылар қорғайды.

Ерлер арасында – Михаил Литвин, әйелдерден – Светлана Голендова мен Элина және 4х400 метрлік эстафета құрамасы бар.

Бүгін назарларыңызға ерлер арасында сынға түсетін Михаил Литвиннің қарсыластары сөз қозғаймыз.

Жалпы, ерлер 400 метрге жүгіретіндердің тізімінде 37 атлет бар. 28 елден қатысатын спортшылардың ішінде 22 жастағы қазақстандық Михаил Литвин 26-орында. Оның биылғы маусымдағы ең үздік көрсеткіші – 46.93 секунд. Солтүстік Қазақстан тумасы жеке рекордын 2017 жылы Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарының финалында орнатқан. Ол кезде Литвин 46.51 секундта жүгірген. Соның арқасында әлем чемпионатына жолдама алды. Ол нәтижесін есепке алсақ, рейтингте 18-орында болар еді.

Михаил ақпан айының басында Тегеранда өткен жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысты. Финалда мәреге төртінші келген болатын. Сол жарыста алғашқы үштіктен көрінген Абдалелах Харун (Катар), Юсеф Карам (Кувейт), Мохамед Насир Аббастың (Катар) тек соңғысы ғана Бирмингемдегі әлем чемпионатына бармайды.

Харун – 2016 жылы Портлендта өткен чемпионатта күміс жүлдеге болған спортшы. Тегеранда 400 метрді 46.36 секундта жүгірді. Спорттық бабына енсе, Бирмингемде одан да жылдам жүгіруі мүмкін. Күміс жүлдегер Карамның көрсеткіші – 46.66 секунд. Аббас әлем чемпионатына бармағанымен, Сауд Арабиясының мықтысы Мазен Альасен Бирменгемде бақ сынағалы отыр. Мазен былтыр Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарында Литвиндердің алдына түскендердің бірі.

22 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы жартылай финалға шығуы үшін кемі Ашхабадтағы нәтижесін қайталауы керек. Түркіменстанда ол 400 метрді 46.51 секундта жүгіріп өткен болатын.

Тізімге қайта оралу