Бирмингем-2018: Михаил Литвин жартылай финалға шықты

Бирмингем-2018: Михаил Литвин жартылай финалға шықты

Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі әлем чемпионатының екінші күнінде 400 метрге жүгірген ерлер арасында қазақстандық Михаил Литвин жартылай финалға шықты.

Бүгін Астана уақытымен 17:20-да 400 метрге жүгіретіндердің іріктеу бәсекесі басталған болатын. Барлық 32 қатысушы 6 топқа бөлініп жүгірді. Литвин төртінші топқа түскен. Әр топтан екі үздік және уақыт көрсеткіштері жоғары тағы 6 атлет жартылай финалға жолдама алды.

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы қарсыластарының арасында 2017 жылғы Лондонда өткен әлем чемпонатының күміс жүлдегері Майкл Черри (АҚШ), Рио Олимпиадасының қатысушысы Виталий Бутрым (Украина), Рафал Омелко (Польша), Мохаммед Нааил (Мальдив аралдары) болды.

22 жастағы Литвин мәреге 47.16 секундта жетті. Сөйтіп, өз тобында үшінші орын алды. Екінші орындағы польшалық Омелконың уақыт көрсеткіші – 47.13. Бұл топта 46.99 секундпен Черри жеңіске жетті.

Әлем чемпионатының регламенті бойынша жартылай финалға 18 спортшы жолдама алады. Олардың арасында жерлесіміз де бар.

2 наурыз. Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты. Бирмингем. 400 метрге жүгіру, ерлер. 4-топ:

1.      Майкл Черри (АҚШ) – 46.99

2.      Рафал Омелко (Польша) – 47.13

3.      Михаил Литвин (Қазақстан) –47.16.

Тізімге қайта оралу