Боднардан басқасына алтын бұйырмады Фото Константин Князевич

Боднардан басқасына алтын бұйырмады

Алматыда өткен Ғұсман Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан халықаралық мемориалдың ерлер арасындағы секіру сайыстарының біреуінде ғана отандасымыз топ жарды.

Биіктікке секірудің алтынын Шымкенттің атлеті Антон Боднар жеңіп алды. Осының алдында Бішкекте Олимпиада чемпионы Колпакованың жүлдесіне арналған жарыста үздік шыққан Боднар Алматыда да тосылып қалмады.

Қосанов Мемориалының былтырғы жеңімпазы ирандық Кейван Ханбарзадех биыл тағы келіпті. Еліміздің атынан Антоннан бөлек, қарағандылық Юрий Дергачев пен алматылық Роман Лошкарев қатысты.

Соңғы 2 жыл көлемінде жазғы маусымда 2.20 метрден ешкім асып секірмеген. Ал XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалындағы отандастарымыздың көрсеткіші жеңіл атлетика мамандарына үлкен үміт сыйлап отыр.

2017 жылғы маусымда жарақатына байланысты жарыс жолына шықпаған Антон Боднар 2.22 метрді үшінші мүмкіндігінде бағындырып, чемпион атанды. Сосын 3 спортшы бірдей 2.18 метрге секіріп, жүлделерді тек қосымша көрсеткіштер бойынша бөлісті. Екінші орын ирандық Ханбарзадех бұйырса, қола жүлдеге Роман Лошкарев тұрақтады. Дергачев жарысты төртінші орынмен аяқтады.

29 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. Биіктікке секіру.

Ерлер:

1. Антон Боднар (Қазақстан) – 2.20 м;

2. Кейван Ханбарзадех (Иран) – 2.18;

3. Роман Лошкарев (Қазақстан) – 2.18;

4. Юрий Дергачев (Қазақстан) – 2.18.

Ұзындыққа секіруші жігіттердің көрсеткішітері төмен болды. Бұл сайыста өзбекстандық Иван Денисов жеңіске жетті (7.63 метр). Оның отандасы Никита Логинов 7.59 метрмен екінші орын алды. Қола жүлде қазақстан Тахиржан Қадырқұловқа бұйырды (7.50 метр).

29 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. Ұзындыққа секіру.

Ерлер:

1. Иван Денисов (Өзбекстан) – 7.63 м

2. Никита Логинов (Өзбекстан) – 7.59 м

3. Тахиржан Қадырқұлв (Қазақстан) – 7.50 м

Үш қарғып секіруден үш медаль да өзге елдің спортшыларының еншісінде кетті. Бірінші орынға өзбекстандық Руслан Құрбанов ие болса, екінші орынға грузиялық Лаша Гулелаури тұрақтаса, үштікті тағы бір өзбек атлеті Иван Денисов қорытындылады.

30 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. Үш қарғып секіру.

Ерлер:

1. Руслан Құрбанов (Өзбекстан) – 16.70 м

2, Лаша Гулелаури (Грузия) – 16.63

3. Иван Денисов (Өзбекстан) – 16.49.

Тізімге қайта оралу