Болат Жәмішев Астана марафонында 42 шақырым 195 метрге жүгіреді

Болат Жәмішев Астана марафонында 42 шақырым 195 метрге жүгіреді

Ертең Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының марафонына қатысатындардың арасында Қазақстан даму банкі басқармасының төрағасы Болат Жәмішев те бар.

Болат Бидахметұлы 42 шақырым 195 метрге тіркелген. Танымал шенеунік бүгін көпшілікпен бірге кезекке тұрып, бастапқы пакетін өзі келіп алып кетті. Сондай-ақ қандай нөмірмен жүгіретін анықтады (А0185).

Болат Жәмішевтен бөлек, Астана марафонына қатысатын жоғары шенділерден ҚР Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Кәрім Мәсімов, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бар.

Айта кетейік, марафонды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Жалпы, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек, ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. 

 

Тізімге қайта оралу