Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Бішкектегі жарыстан ерлер құрамасы 13 медаль жеңіп алды

19.06.2017

Бек Төлеуов  
141
Бішкектегі жарыстан ерлер құрамасы 13 медаль жеңіп алды Иван Иванов. Фото Эдуарда Гавриша

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында дәстүрлі ұзындыққа секіруден Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Татьяна Колпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарыс өз мәресіне жетті. Бұл бәсекеге Қазақстанның 50 атлеті де қатысып қайтқан болатын.

Осымен 20-рет ұйымдастырылып отырған додаға жерлестеріміз жақсы дайындықпен барған еді. Ерлер құрамасы 16 сайыстың 12-сінде өздерінің бақтарын сынап көрді. Жеңіп алған 13 жүлденің үшеуі алтын.

Бішкекте топжарғандардың қатарында Иван Иванов (ядро серпу),Андрей Соколов (400 метр), Денис Семенов (110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру) бар.

Ал бес күміс жүлдеге Иван Кириченко (110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру және найза лақтыру), Роман Лошкарев (биіктікке секіру), Александр Киселев (ұзындыққа секіру), Артем Савельев, Эльнора Мухитдинова, Ерлан Ибрайым, Амаля Сыздыкова (эстафета 4x100 метр) ие болды.

Иван Шкред (200 метр), Дмитрий Иванчуков (1500 метр), Денис Соколов (биіктікке
секіру), Ринат Қайсаров (ұзындыққа секіру), Александр Лысенко (найза лақтыру) қола жүлдені қанағат тұтты.

Тізімге қайта оралу