Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Кезектен тыс конференция: Не айтылды? Не шешілді?

08.12.2017

214
 Кезектен тыс конференция: Не айтылды? Не шешілді?

7 желтоқсан күні Астанада ҚР жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс конференция өтті.

Конференцияны Федерация президенті Әділбек Жақсыбеков жүргізіп отырды. Жиында 5 сұрақ қарастырылды.

Алдымен жаңа ревизиялық құрам жасақталды. Федерацияның басқа заңды тұлғаларды құру немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылданды. Сосын ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоровтың 2017 жылы атқарған жұмысының есебі тыңдалды.


Өзі де кезінде табысты спортшы болған Григорий Егоров бас бапкерлік қызметке мамыр айында тағайындалған. Одан бері ұлттық құрама Бхуанешвардағы Азия чемпионатына, Лондондағы әлем чемпионатына, Тайпэйдегі универсиада ойындарына және Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. 

– Биылғы маусым өте тартысты, мазмұнды болды. Жеңіл атлетика – нағыз бұқаралық спорт. Елімізде бүгінгі таңда 11 мыңнан астам адам жеңіл атлетиканың әрбір түрімен айналысады. Бұл статистика спорт мектептерінде тіркелгендердің есебінен алынған. 2000-ға жуық спортшы Қазақстан чемпионаттарына қатысады. Дәл қазіргі таңда ұлттық штаттық командада 34 кәсіби спортшы бар. Біздің мақсат 2020 жылға дейін 50 спортшыға дейін көбейту. Бірақ инфрақұрлым көп жағдайда қиындық туындырады. Тек Алматыда орталық стадионға халықаралық талаптаға сай келеді. Федерация бұл мәселемен бүгінгі таңда белсенді айналысып жатыр, – дейді Григорий Егоров.


Инфрақұрылым демекші, Астанада 7 мың көрерменге арналған жаңа манеж салынады. Және ол спорт ареналары орналасқан тұста бой көтеруі тиіс.

– Астанадағы жаңа жабық кешендегі жеңіл атлетика манежін Елбасының жеке тапсырмасы бойынша «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры салып жатыр.Жоспар бойынша 2019 жылға құрлыс жұмыстары аяқталуы тиіс. Манеж 7 мың көрерменге арналған. Астана мен Алматыда екі манеж тұрғызып алсақ, кез келген халықаралық жарыстарды өткізе беруге болады, –дейді Әділбек Жақсыбеков.


Инфрақұрылым мәселесі өзге қалаларда да қолға алынбақшы. Федерацияның бірінші вице-президенті Эльдар Табанов өзінің баяндамасында ол туралы толығырақ айтып өтті. Қазіргі кезде Алматы, Павлодар, Атырау, Ақтау, Талдықорған, Талғар қалаларында жеңіл атлеттердің алаңсыз жаттығуы мен жарыс өткізуіне арналған спорт кешендерін тұрғызу мәселесі шешіліп жатыр.


Конференцияның жаңа мүшелерінің құрамы бекітілді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов атқару комитетінің мүшелігіне сайланды.

– Даниал Кенжетайұлы Қазақстан спортының дамуына өзінің зор үлесін қосып келеді. жақында Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетика федерациясының президенті болып тағайындалды. Елімізде алғаш болып, «Altay Athletics» атты кәсіби жеңіл атлетика клубын құрды. Ахметов мырзаның тәжірибесіне сенемін. Велоспортқа, футболдың дамуына өз үлесін қосқанын жақсы білесіздер, енді жеңіл атлетиканың қанат жаюына да қолынан келгенін аянып қалмайды деп ойлаймын, – деді Әділбек Жақсыбеков. 

Аймақтық федерация өкілдерінен Алматы қаласы бойынша Мұхит Әзірбаев және Атырау облысынан Серік Шапкенов сөз алып, өз жоспарларымен бөлісті.

Жиынның ресми бөлімі аяқталған соң, 2017 жылғы үздіктерді марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы Лондонда өткен әлем чемпионатында қола жүлде еншілеген, «Гауһар лиганың» финалдық кезеңінің жеңімпазы атанған Ольга Рыпакова «Жылдың үздік жеңіл атлеті» атанды. Ал «2017 жылғы ең үздік жоба» болып, «ALTAY athletics» клубы танылды. Жүлде клубтың құрылуына өз үлесін қосқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке табысталды.


«Жылдың үздіктік аймақтық федерациясы» номинациясын Қарағанды облысы жеңіп алды. Салтанатты шараға облыстық федерациясының президенті, Қарағанды облысының әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев қатысты.

Одан бөлек, Ұлттық Олимпиада комитеті 25 жылдық мерейтойына байланысты дайындаған Олимпиада ойындарында атой салған жеңіл атлеттер Ольга Шишигина мен Дмитрий Карповқа арнайы төсебелгі табыстады. 

Сондай-ақ Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері федерация президентінің қолынан алғыс хат пен қаржылай сыйақы алды

Тізімге қайта оралу