Көктемгі Қазақстан чемпионаты: Нерознак пен Гусаров екі қашықтықта жеңіске жетті
164

Көктемгі Қазақстан чемпионаты: Нерознак пен Гусаров екі қашықтықта жеңіске жетті

Шымкентте жеңіл атлетикадан көктемгі Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қостанайлық Татьяна Нерознак пен алматылық Алексей Гусаров екі қашықтықта бірдей чемпион атанды.

Алексей Гусаров алдымен 1500 метрде үздік шықты. Гусаров көктемгі жарыста өте белсенді. Наурыз айында Валенсияда өткен жартылай марафоннан әлем чемпионатына қатысты. Одан кейін кросстан Қазақстан чемпионатында үшінші орын алды. Сондай-ақ Алматы марафонында 10 шақырымда чемпион атанған. Шымкенттегі көктемгі Қазақстан чемпионатында 1500 және 5000 метрге тіркеліп, екеуінде де топ жарды.

Ерлер арасындағы 1500 метрге 16 спортшы қатысты. Гусаров мәреге 3.58.8 минутта келді.

Көктемгі Қазақстан чемпионаты, 1-күн.1500 метрге жүгіру. Ерлер:

1.     Алексей Гусаров (Алматы) – 3.58.8 мин;

2.     Вадим Левченков (СҚО) – 4.00.3 мин;

3.     Слава Чувяков (Қостанай облысы) – 4.00.7 мин.

Ал 5000 метрді Алесей 15.09.3 минутта жүгіріп өтті. Екінші орынға Вадим Левченков ие болса, үштікте Жасұлан Әбелов бар.

Көктемгі Қазақстан чемпионаты, 1-күн.5000 метрге жүгіру. Ерлер:

1. Алексей Гусаров (Алматы)  –  15.09.3 мин;

2. Вадим Левченков СҚО))  –  15.19.4 мин;

3. Жасұлан Әбелов (ОҚО)  –  15.40.2 мин. 

Әйелдерден Татьяна Нерознак 10 шақырымға жүгіруден жеке-дара жеңіске жетті. Ол сондай-ақ 5 шақырымға жүгіруден де бірінші келді.

Көктемгі Қазақстан чемпионаты, 1-күн.10000 метрге жүгіру. Әйелдер:

1. Татьяна Нерознак (Қостанай облысы) – 36.29.1 мин;

2. Ольга Богомольская (Павлодар облысы) – 37.37.2 мин;

3. Ақмарал Мейірман (ОҚО) – 37.43.3 мин.

Көктемгі Қазақстан чемпионаты, 2-күн.5000 метрге жүгіру. Әйелдер:

1. Татьяна Нерознак (Қостанай облысы) – 16.58.2 мин;

2. Виктория Сергеева (СҚО) – 18.06.9 мин;

3. Акмарал Мейірман (ОҚО) – 18.16.1 мин.

Тізімге қайта оралу