Кросстан Қазақстан чемпиондары анықталды
224

Кросстан Қазақстан чемпиондары анықталды

Алматының Баум тоғайында өткен кросстан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында Людмила Монина, ерлер арасында Дмитрий Иванчуков жеңіске жетті.

Әйелдер арасындағы жарысқа 7 спортшы қатысты. Олар 2 шақырым 150 метрлік айналма жолды төрт рет жүгіріп өтті.  Алғашында басты фаворит жақында ғана Валенсияда өткен жартылай марафоннан әлем чемпионатына қатысушы Жанна Мамажанова саналған. Сондай-ақ Алматы облысының тумасы, тәжірибелі Людимила Монина да бар болатын.

Екеуі бірден қарқынды үдетіп, қарсыластарынан ұзап кетті. Мәреге жақындағанша бірдей келе жатты. Тек соңғы 50 метр қалғанда Монина Мамажанованы басып озды. Үздік үштікте Солтүстік Қазақстаннан келген Айгүл Қайыржанова бар.

Кросстан Қазақстан чемпионаты. Алматы.Әйелдер. 8 шақырым.

1. Людмила Монина (Алматы обл.) – 32.42,48 мин.

2. Жанна Мамажанова (Алматы) – 32.45,29 мин.

3. Айгүл Қайыржанова (СҚО) – 34.02,01 мин.

Ал ерлер бұл айналма жолды алты рет жүгірді. Бірінші орын Жамбыл облысының спортшысы Дмитрий Иванчуковқа бұйырды. Екінші және үшінші орынды Алексей Гусаров пен Құдайберген Зейноллаев өзара бөлісті.

Кросстан Қазақстан чемпионаты. Алматы.Ерлер. 12 шақырым.

1. Дмитрий Иванчуков (Жамбыл обл.) – 41.18,23 мин.

2. Алексей Гусаров (Алматы) – 43.40,12 мин.

3. Құдайберген Зейноллаев (Астана) – 43.53,05 мин.

Тізімге қайта оралу