Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

9

Күн
Джакарта, Индонезия
Кәсіби марафоншылар Астанада әуесқойларға шеберлік сағатын өткізеді
236

Кәсіби марафоншылар Астанада әуесқойларға шеберлік сағатын өткізеді

Бүгін Астанадағы қалалық әкімдіктің ғимаратында халықаралық Астана марафонына арналған баспасөз мәжілісі өтті. Аталған марафон 2017 жылдың 27 тамызына жоспарланған.

Осы жылдың 4 сәуірінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) жеңіл атлетикадан Астанада халықаралық марафон өткізу туралы келсімге келген еді. Бұл марафонды құрылғанына биылғы жылы 25 жыл толатын «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің» (АӨСШК) форумымен бірге өткізу жоспарланған. Халықаралық марафонды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР жеңіл атлетика Федерациясы, Астана қаласының әкімдігі және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаевтың айтуынша, ШЫҰ-ның бірінші марафоны былтырғы жылы Қытайдың Куньмин қаласында ұйымдастырылған. Ол марафонға 15 мың адам қатысқан. Ал екінші марафон ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткізілмек. Бұл жолы ұйымдастырушылар 5000 мың адам қатысады деп жоспарлап отыр. Тіркеу жұмыстары арнайы ашылған сайтта 15 шілдеде басталып жүргізілуде, – дейді ол.

Баспасөз мәжілісінде марафонның ресми түрде жүгіру аймақтары таныстырылды.

Оның ішінде:

– арнайы символикалық 2017 метр, бұл қашықтық EXPO RUN деп аталады;

– әуесқойлар үшін 10 шақырым;

– Толық марафон – 42 шақырым 195 метр.

Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Старт EXPO көрмесінің автотұрағы аймағы яғни Mega Silk Way сауда орталығы жағынан 27 тамыз күні  басталады. 42 шақырым 195 метрге қатысушылар сағат 7:30-да, 10 шақырымға қатысушылар 8:00-де, 2017 метрге қатысушылар 8:30-дан бастап жүгіреді.

Қатысуға тілек білдірушілер марафонның ресми  www.scomarathon2017.com сайты арқылы тіркеле алады. Сосын сайт арқылы тіркеу нөмірлері беріледі. Сондай-ақ ресми сайтта ақпараттық-жарнамалық материалдармен (фото, видео, афиша) және тіркеу ережелерімен оффлайн түрде танысуға болады.

25 және 26 тамыз күндері  Astana EXPO көрмесінің оңтүстік қақпасы жағынан тіркеуден өткен қатысушыларға бастапқы пакеттер беріледі. Онда жүгіруге арналған жейде мен әрбір қатысушының жеке нөмірі бар. Пакеттерді тарату кезінде танымал марафоншылардың қатысуымен шеберлік сағаттары өтеді. Олар әуесқой жүгірушілерге марафонға қалай дайындалу керектігін көрсетіп, ақыл кеңестерін айтатын болады.

ҚР жеңіл атлетика Федерациясының вице-президенті Эльдар Табановтың айтуынша, 10 шақырымға жүгіретіндер 3000 теңге, 42 шақырым 195 метрге жүгіретінде 5000 теңге көлемінде жарна төлеуі тиіс. Ал 2017 метрге жүгіру тегін. Сонымен қатар зейнет жасындағы және мүмкіндігі шектеулі жандар тегін қатыса алады.

Еске сала кетейік, Astana EXPO-2017 көрмесі аясында өтетін халықаралық ШЫҰ және АӨСШК марафонына 5 мың адам қатысады деп күтілуде. Оның ішінде мың адам шетелден келмек. Сондай-ақ ШЫҰ-ның әрбір елінен 30 кәсіби спортшы тарту көзделген.

Анықтама үшін: ШЫҰ алғашқы марафоны 2016 жылы өткізілді. Оған төрт құрлықтан 15,6 мың адам қатысты. Марафон ШЫҰ құрылуына 15 жыл толуына орайластырылды. Аталған шара қарапайым қазақстандықтар үшін салауатты өмір салты, достық пен әріптестік белгісі іспеттес болмақ.   

Тізімге қайта оралу