Даниал Ахметов: Жеңіл атлеттердің оқу-жаттығу базасы Семей қаласында болады жаңадан салынып жатқан "Абай-Арена

Даниал Ахметов: Жеңіл атлеттердің оқу-жаттығу базасы Семей қаласында болады

Қазіргі кезде Семей қаласында халықаралық талаптарға сай келетін «Абай-Арена» атты спорт кешені салынып жатқан белгілі. 16 наурыз күні Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс конференциясында сайланған жаңа президент Даниал Ахметов біздің жеңіл атлеттер осы кешенде оқу-жаттығу жиынын өткізуге болатынын айтты.

– Менің пайдымауынша, жақын арада жеңіл атлеттердің жаттығу базасы Семей қаласында болады. Біз 5000 көрерменге арналған «Абай-Арена» атты мәдени-спорттық кешеннің құрылысын бастап кеттік. Аз уақы ішінде бұл аренада жеңіл атлеттердің оқу-жаттығу жиындарын өткізуге арналған барлық мүмкіншіліктер жасалады. «Абай-Арена» – Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығының (IAAF) барлық талаптарына жауап беретін болады. Сапалы дайындық болу үшін – спорт залы, 50 және 25 метрлік екі бассейн болады. Одан бөлек спортшылар жататын 60 адамдық қонақ үйі құрылысы басталып кеткен. Бұл инфрақұрлым жақын арада пайдалануға берілуі тиіс. Өзге қалаларда да жеңіл атлетика кешендері тұрғызылуы керек. Әзірге өзімнің мүмкіндігім бар, құрылысы басталып кеткен орталық туралы айтып жатырмын», – деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 16 наурыз күні күні Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс конференциясында президент болып сайланды. Бұған дейін аталған федерацияны Әділбек Жақсыбеков басқарып келген еді.

Тізімге қайта оралу