Даниал Ахметов төрағалығымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының жиыны өтті
201

Даниал Ахметов төрағалығымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының жиыны өтті

Кеше Астанада Даниал Ахметов төрағалымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының жиыны өтті.

Жиын барысында бірнеше мәселе талқыланды. Бірінші кезекте ұлттық құраманы жасақтау, бапкерлердің біліктілігін көтеру және аймақтардағы жеңіл атлетиканы дамыту.

Даниал Кенжетайұлы алдымен ұлттық құраманы қалай жасақтау мәселесін көтерді. Құрама сапына ілігетін спортшыларды іріктеу кезінде физикалық көрсеткіштері, жасы, әлемдік рейтингтегі орны ескеріледі.

Сондай-ақ болашағынан үлкен үміт күтіреттіретін 12-14 жастағы 17 бозбала таңдап алынғаны айтылды. Егер жас спортшылардың ата-аналары келісіп жатса, оларды Өскемен қаласындағы спорт-интернатта оқыту көзделіп отыр. Шығыс Қазақстан облысының орталығында жаңа заманға сай жаттығу базасы бар орталықта олар өз біліктіліктерін жетілдіре алады. Республикалық және халықаралық жарыстарға тұрақты түрде қатысып отыруға жағдай жасалады.

Ұлттық құраманың көпсайыс бойынша аға бапкері Дмитрий Карпов осы сайыс түрін дамытуға бар күшін салатын болады.

ҚР жеңіл атлетика федерациясының ғылыми-техникалық орталығы өткен жылдан бері бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарып келеді. Бірнеше рет шетелден білікті мамандарды шақырып, семинарлар өткізді. Даниал Ахметов осы жұмысты әріқарай жалғастырып әрі ауқымын ұлғайтуды тапсырды. Одан бөлек, еліміздегі жаттықтырушыларды шетелге тағылымдадан өткізу туралы ұсыныс айтылды. Отандық бапкерлер өздерінің жұмыс кестелеріне сәйкес, шетелдегі арнайы курстарға қатысып, біліктіліктерін жетілдіреді.

ҚР жеңіл атлетика федерацясының президенті сонымен қатар Қазақстанда IAAF-тың аймақтық оқу орталығын ашу туралы ұсынысты да қолдады. Бұған дейін бұл орталық Мәскеуде болған.

Ал инфрақұрылымды жақсарту, мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі мен орталығын ашу бойынша мамыр айында федерация президенті Даниал Ахметов пен бас хатшы Лашын Аймағамбетов еліміздің аймақтарын аралайды. Оның ішінде Павлодар, Алматы,Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қалаларына іс-сапармен барады.

Сол уақытта Семей қаласында ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынын өткізетін жаттығу базасын салу мен Өскемен қаласындағы орталық стадионды халықаралық талаптарға сай жөндеу жұмыстарын өткізу мәселелері қаралады.

Енді тұрақты түрде Даниал Ахметовтің төрағалымен ҚР жеңіл атлетика федерациясының жиыны өтіп тұрады.

Тізімге қайта оралу