Давид Ефремов әлем чемпионатының нормативін орындады

Давид Ефремов әлем чемпионатының нормативін орындады

Шымкентте өтіп жатқан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында ерлер арасындағы 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден қарағандылық жеңіл атлет Давид Ефремов жеңіске жетті.

Ефремов сонымен қатарда шілде айында Финляндияның Тампере қаласында өтетін 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының нормативін орындады.

Әлем чемпионатының нормативі – 14.20 секунд. Қарағандылық спортшы бұл қашықтықты іріктеу кезеңінде 14.17 секундта жүгіріп өтті. Ал финалда тіпті жылдам жүгірді (13.95).

Осылайша, Давид Ефремов жастар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алып отырған екінші спортшы. Бұған дейін бірінші жолдаманы 7 сәуірде Чехияның Победрабы қаласында өткен халықаралық турнирде 10 шақырымға спорттық жүрістен Екатерина Шлыкова еншілеген болатын. Ол сол жарыста күміс медальға ие болған.

Тізімге қайта оралу