Диана Айдосова Тайцандағы әлем чемпионатында жеке рекордына жақын болды
151

Диана Айдосова Тайцандағы әлем чемпионатында жеке рекордына жақын болды

Спорттық жүрістен Қытайдың Тайцан қаласында өткен әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жарысқа үш қазақстандық атлет қатысты.

Еліміздің намысын Диана Айдосова Регина Рыкова, Галина Якушева қорғады.

Кез келген кәсіпқой спортшының өзінің ең жоғары мүмкіндігін осындай әлем чемпионаты, Олимпиада ойындарында көрсетуге тырысады. Тайцанда алматылық Диана Айдосова спорттық жүрістен Қазақстандағы №1 атлет екенін дәлелдей алды.

Айта кетейік, Айдосова бұған дейін 18 наурызда Жапонияның Номи қаласында өткен халықаралық жарыста 20 шақырымды 1:37:42 сағатта жүріп өткен болатын. Сөйтіп, 2018 жылы алғашқы жарысында-ақ өткен жылғы нәтижесін жақсартып тастаған болатын. Былтыр Лондондағы әлем чемпионатында Диананың көрсеткіші – 1:38:16. Енді, Тайцан да бұдан жоғары нәтиже көрсетті – 1:35:52.

Алматылық спортшының жеке рекорды – 1:35:13.

Айдосова көрсеткішін жақсартып келе жатқанымен, әлемде спорттық жарыстан бәсекелестік жоғары. 5 мамырда әле чемпионатында жерлесіміз 57-орынды қанағат тұтты. Жүлдеге таласу үшін 22 жастағы атлетке әлі де дайындықты күшейту қажет.

Өзге спортшыларға тоқталатын болсақ, Шығыс Қазақстанның тумасы Галина Якушева 69-орынға тұрақтады (1:39:22). Оңтүстік Қазақстаннан барған Регина Рыкова 75-орыннан әрі аса алмады (1:42:51).

Тізімге қайта оралу