Диана Гейнц Гифуде жеке рекордын жаңартты
129

Диана Гейнц Гифуде жеке рекордын жаңартты

Жапонияның Гифу қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір жүлде түсті.

Бұл жолы Павлодар облысының атлеті Диана Гейнц жетісайыстан қатысып, қола жүлдеге ие болды.

 20 жасқа дейінгі Азия чемпионаты Диана үшін аса сәтті басталмаған болатын. Екі күнге жоспарланған жетісайыстың алғашқы күнінде жерлесіміз ұзындыққа секіруден бесінші орыннан көрінді. Кейіннен найза лақтырудан екінші орын алып, жалпы есепте төртінші сатыға көтерілді.

Ал бүгін, 10 маусымда 18 жастағы Гейнц мінез таныта білді. Ол 800 метрге жүгіруде бәсекелестерінің көбісін қапы қалдырып, ұпай саны жөнінен үшінші орындағы спортшыдан озып кетті. Нәтижесінде

4804 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.


Тізімге қайта оралу