Диана Нүсіпбекова Қосанов мемориалының рекордын жаңартты

25.06.2017

Бек Төлеуов  
111
Диана Нүсіпбекова Қосанов мемориалының рекордын жаңартты

Алматыда жеңіл атлетикадан 27-ші рет ұйымдастырылған Рим Олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық мемориалдың алғашқы жарыс күні аяқталды.

Балға лақтырудан жерлесіміз 21 жастағы Диана Нүсіпбекова мемориалдың 12 жылға созылған рекордын жаңартты. Алматы облысының тумасының ең үздік көрсеткіші – 58,08 метр болды. Бұған дейін бұл рекорд өзбекстандық Ольга Жоголеваға тиесілі еді. Ол 2005 жылы 57,02 метрге лақтырған болатын. Нүсіпбекова биыл екі бірдей өзбек қызын қапы қалдырып, жеңіске жетті.

– Қосанов мемориалының рекордың жаңартқанымды алғашында білген жоқпын. Естігенде, әрине, қуандым. Бірақ өзімнің нәтижеме аса қатты көңілім толмады. Физикалық дайындығым өте жоғары, тек техникалық қателіктер жіберіп қоямын. Оны түзеу үшін шетелдік мамандармен жұмыс істеу керек. Қазіргі кезде жеке бапкеріміз екеуіміз сондай адам іздеп жатырмыз. Алда Азия чемпионаты. Үндістанда жүлделі орыннан көріну үшін барымды саламын. Бұған дейін жастар арасындағы құрлық біріншілігінде үздіктер қатарында болғанмын. Ал ересектер арасындағы Азия чемпионатына осымен екінші рет қатысамын. Көрсеткішімді 60 метрден асырсам деп отырмын, дейді Диана Нүсіпбекова.

Ал ядро серпуден ерлер арасында Үндістаннан келген Таджиндерпану Туру Сингху жеңіске жетті. Екінші орынды қазақстандық Иван Иванов еншіледі. Үздікті үштікті ирандық Али Самари қортындылады.

Айта кетейік, үндістандық атлет мемориалдың жаңа рекордың орнатты. Ол 1996 жылғы Сергей Рубцовтың көрсеткішін жаңартып, 19,91 метрге серпіді.

Әйелдерден Қазақстан чемпионы Екатерина Нестерова жүлделі орынға іліккен жоқ. Алтын үнді қызына, күміс Бахрейн спортшысына, қола медаль Өзбекстаннан келген Елена Смоляноваға бұйырды.

Ерлер . Балға лақтыру, финал.

1.     Сухроб Ходжаев (Өзбекстан) – 73,20 метр

2.     Мерген Маммедов (Түркіменстан) – 65,71 метр

3.     Аманмурат Хоммадой (Түркіменстан) – 65,23 метр

Әйелдер. Балға лақтыру, финал.

1.     Диана Нүсіпбекова (Қазақстан) – 58,08 метр

2.     Анастасия Асланиду (Өзбекстан) – 54,34 метр

3.     Асалхон Мухторова (Өзбекстан) – 49,06 метр

Ерлер. Ядро серпу, финал.

1.     Таджиндерпан синх Тоор (Үндістан) – 20,01 метр

2.     Иван Иванов (Қазақстан) – 19,94 метр

3.     Али Самари (Иран) – 19,23 метр

Әйелдер.Ядро серпу, финал.

1.     Каур Манприт (Үндістан) – 17,31 метр

2.     Джасим Ноора (Бахрейн) – 17,08 метр

3.     Елена Смолянова (Өзбекстан) – 15,06 метр.

Тізімге қайта оралу