Диана Нүсіпбекова Азия чемпионатын тоғызыншы орынмен аяқтады
Бек Төлеуов  
256

Диана Нүсіпбекова Азия чемпионатын тоғызыншы орынмен аяқтады

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде балға лақтырудан жерлесіміз Диана Нүсіпбекова жүлдеге іліге алмады.

Бұл сайысқа 11 спортшы қатысты. Басты фаворит қытайлық На Луо мен Лю Цинцинг өзгелерден алда болды. Бас жүлдені тек екеуі өзара сарапқа салды. Луо 69,92 метрге жеткізіп чемпион атанды. Одан сәл ғана қалып қойған Цинцинг күмісті қанағат тұтты. Қола жүлде жапониялық Хитоми Кацуямаға бұйырды. Күншығыс елінің спортшысының көрсеткіші – 60,22 метр.

Ал  Нүсіпбекова бұған дейін көрсетіп жүрген нәтижесін қайталай алмады. Жерлесіміз 60 метрден аса алмады. Диана былтыр 62.50 метрге дейін жеткізген еді. Ал биылғы маусымда бір жарыста 60, 25 метрге лақтырған болатын. Бірақ осы жолы 53,93 метрден әрі аса алмады.

21 жастағы спортшының болашағы алда білеміз. Сондықтан алдағы жарыстарда өзің көрсете жатар.

Азия чемпионаты. Бхубанешвар, Үндістан.

Балға лақтыру, әйелдер:

1.    На Луо (Қытай) – 69,92 м

2.    Лю Цинцинг (Қытай) – 69,45 м

3.    Хитоми Кацуяма (Жапония) – 60,22 м

… 9. Диана Нүсіпбекова (Қазақстан) – 53,93 м

Тізімге қайта оралу