Диана Нүсіпбекова Қазақстан чемпионы атанды

13.06.2017

96
Диана Нүсіпбекова Қазақстан чемпионы атанды Диана Нүсіпбекова Қазақстан чемпионы атанды

Алматыда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатының шарбалға лақтыру бағдарламасында алматылық ару Диана Нүсіпбековаға тең келер ешкім болмады. Ол қолындағы снарядты басты қарсыласынан 10 метрге алыс лақтырды.

Диана негізі, жасы небәрі 21-де болғанына қарамастан Қазақстан рекордшысы. Өткен жылы шарбалғаны 62.50 метрге лақтырып, мамандардың жоғары бағасын алған. Бұл жолы да ол өзіне елімізде ешкімнің тең келмейтінін дәлелдеді. Алдымен шарбалғаны 54.96 метрге лақтырумен бастаған Нүсіпбекова әр мүмкіндігінде көрсеткішін жақсарта берді. Сөйтіп, төртінші ретінде 60.25 метрге дейін жеткізді. Өкінішке қарай, бесінші мүмкіндігін тиімді пайдалана алмады.

– Шынымды айтсам, өз көрсеткішіме көңілім толмай тұр. Жаттығуларда 62 метрге лақтырып, тіпті одан да асырып жүргенмін. Былтыр өзім орнатқан Қазақстан рекордын жаңартсам ба деп едім. Бірақ бұл жоспарымды сәл шегере тұруыма тура келіп тұр. Алда Ғұсман Қосанов мемориалы келе жатыр. Сол турнирде барымды саламын, - деп ағынан жарылды бізге Диана Нүсіпбекова.

Шарбалға лақтыру (әйелдер):

1.     Диана Нусупбекова (Алматы) – 60.25 м

2.     Екатерина Нестерова (Қарағанды) – 50.71 м

3.     Виктория Фролова (СҚО) – 47.03 м

Тізімге қайта оралу