Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Диана Нүсіпбекова Молдовада жаттығып жүр

22.11.2017

180
Диана Нүсіпбекова Молдовада жаттығып жүр

Балға лақтырушы Диана Нүсіпбекова бұл күндері Молдова астанасы Кишинев қаласында жаттығып жүр. Бұл туралы спортшының жеке бапкері Татьяна Лесовая айтты.

Диана Молдоваға 10 қараша күні келген. Енді 28 қарашаға дейін сонда болады. Спортшы танымал жаттықтырушы Сослан Маргиевтің қарамағында дайындалып жатыр. Ол жерде бапкердің екі баласы Залина Маргиева, Сергей Маргиевте бар.  

1980 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Татьяна Лесоваяның тағы бір шәкірті дискобол Мария Телушкина болса, Ресейдің Санкт-Петербург қаласын таңдапты.

Мария тәжірибелі ресейлік жаттықтырушы Алексей Андреевтің қасында жаттығып жүр. Біз үшін ең бастысы тәжірибелі. Сондықтан екі шәкіртімді өзге мемлекетке оқу-жаттығу жиындарына жібердім. Шеберліктерін жетілдіріп, жаңа тәжірибе жинап келуге мүмкіндік зор. Өйткен Кишинев пен Санкт-Петербург қаласында алаңсыз дайындалуға барлық жағдай жасалған.  

Тізімге қайта оралу