Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

9

Күн
Джакарта, Индонезия
Диана Нүсіпбекова жаңа маусымды жеңіспен бастады
139

Диана Нүсіпбекова жаңа маусымды жеңіспен бастады

30 наурыз күні Шымкентте өткен қысқы Қазақстан чемпионатының алғашқы күнінде 22 жастағы Диана Нүсіпбекова балға лақтырудан жеңіске жетті.

Үш жас категориясы бойынша 9 спортшы өзара сайысқа түсті. Әйелдер арасындағы сайыста Алматы қаласының намысын қорғаған Диана 56.19 метрмен бірінші орын алды. Басты бәсекелесі Екатерина Нестровадан 7 метрге озып кетті.

Айта кетейік, Нүсіпбекова биыл Кишиневте танымал балға лақтырушы Сослан Маргиевтен тәлім алған болатын. Шымкентте алғашқы мүмкіндігінде 56.19 метрге лақтырған соң, әріқарай аса қатты тырыса қоймады. Маусым енді басталып жатқан соң, Диана 60 метрмен аспады деп ойлаймыз.

Қысқы Қазақстан чемпионаты. Шымкент, 30 наурыз.  Балға лақтыру. Әйелдер:

1. Диана Нүсіпбекова (Алматы) – 56,19 м

2. Екатерина Нестерова (Қарағанды обл.) – 49,42 м

3. Татьяна Романова (ШҚО) – 39,82 м

 20 жасқа дейінгі бойжеткендер:

1. Юлия Попкова (СҚО) – 34,59 м

2. Наталья Богданова (СҚО) – 32,58 м

3. Анастасия Камышова (Қарағанды обл.) – 27,73 м

18 жасқа дейінгі бойжеткендер, 3 келілік балға:

1.  Анастасия Калошина (ШҚО) – 53,14 м

2. Светлана Ионова (Қарағанды обл.) – 32,24 м

Тізімге қайта оралу