Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

1

Күн
Дунгань, Қытай

Әділбек Жақсыбеков 42 шақырымға жүгірді

27.08.2017

240
Әділбек Жақсыбеков 42 шақырымға жүгірді

Астанадағы ШЫҰ марафонында Әділбек Жақсыбеков те жүгірді. Ол 42 км 195 метрді 4 сағат 51 минут 56.84 секундта бағындырды.

Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков марафонға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Елімізде ұйымдастырылып жүрген осындай шаралардан қалмауға тырысады. Бұл жолы Әділбек Рыскелдіұлы толық марафонға жүгіруді жөн көрді.

Жақсыбековпен бірге марафонға ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, Қазақстан Банктері даму басқармасының төрағасы Болат Жәмішев және тағы басқа билік басындағы атқамінер азаматтар жүгірді.

Естеріңізге сала кетейік, марафонның маршруты MEGA SILK WAY ойын сауда орталығынан басталып, ары қарай мына көшелермен жүрді: Қабанбай батыр даңғылы – Ұлы дала көшесі – Мәңгілік ел даңғылы – Шәмші Қалдаяқов көшесі – Жұмекен Нәжимеденов көшесі – Сарыкөл көшесі – Ахмет Байтұрсынов көшесі – Рахымжан Қошқарбаев даңғылы – Мағжан Жұмабаев даңғылы – Бауыржан Момышұлы даңғылы – Абылайхан даңғылы – Мағжан Жұмабаев даңғылы – Рахымжан Қошқарбаев даңғылы – Тәуелсіздік даңғылы – Бауыржан Момышұлы даңғылы – Сарайшық көшесі – Дінмұхамед Қонаев көшесі – Достық көшесі – Мәңгілік ел даңғылы – Ұлы дала даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы - MEGA SILK WAY (мәре).

Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.







Тізімге қайта оралу