Әділбек Жақсыбеков Атқару комитетінің жиынын өткізді

02.06.2017

Бек Төлеуов  
127
Әділбек Жақсыбеков Атқару комитетінің жиынын өткізді

Бүгін Астанада ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен атқару комитеттің отырысы өтті.

Отырысқа атқару комитет мүшелері толық құрамда қатысты. Жиында федерация президенті – Әділбек Жақсыбеков, бірінші вице-президент Эльдар Табанов, вице-президент Алексей Кондрат, бас хатшы Лашын Аймағамбетов, ұлттық олимпиада комитетінің атқарушы директоры Серік Қасқабасов, жеңіл атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы Қуандық Елжанов және Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері – Григорий Егоров болды.

Атқару комитеті Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының төрешілер мен жаттықтырушыларды аттестациядан өткізуге байланысты, жаттықтырушылар кеңесі мен төрешілер комитеті туралы және жарыстарды өткізу жөніндегі ережелері мен нормативтік құжаттарын қарастырды. Сондай-ақ, ғылыми-техникалық орталық пен сертификация және тәртіптік комиссиясына қатысты ережелер де күн тәртібіне қойылып, мәжіліс барысында талқыланды. Айта кетейік, бұл органдар бұған дейін Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының құрылымында болмаған.

Жоғарыда аталған ережелермен бірге Атқару комитеті тас жолдағы жарыс пен спорттық жүріс жөніндегі қағидаттарды және спортшылардың ауысуы мен аймақтық жеңіл атлетика федерациядарды сертификациядан өткізу тәртібін де бекітті.

Сонымен қатар, спортшы мен жеңіл атлетика федерациясы арасындағы спорттық байланыстың да үлгішарты атқару комитетінің осы отырысында шешімін тауып, ережесі бекітілді.

Атқару комитеттің отырысында жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Григорий Егоров тағайындалды. Егоров кезінде еліміздегі үздік атлеттердің бірі болған. Олимпиада, әлем, Еуропа чемпионаттары мен Азия ойындарында жүлделі орындардан көрінген.

Ал федерацияның заңгері Тілеугүл Оразбаева мен тәуелсіз заңгер Ерлан Омаров сертификаттау және тәртіптік комиссияға жетекшілік ететін болды.

Сондай-ақ федерацияның атқару комитеті Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясына жеңіл атлетиканың әрбір дициплинасы бойынша мына аға бапкерлерді бекіту туралы ұсыныс жасады:

– спринтерлік жүгіру бойынша – Любовь Никитенко;

– найза, балға, диск лақтыру және ядро серпу бойынша – Виктор Евсюков;

– орта қашықтыққа жүгіру және марафон бойынша – Артем Жигалов;

–көп сайыс бойынша – Дмитрий Карпов;

– резерв бойынша – Татьяна Назарова;

– секіру бойынша – Александр Корчагин.

Тізімге қайта оралу