Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Әділбек Рыскелдіұлын туған күнімен құттықтаймыз

26.07.2017

116
Әділбек Рыскелдіұлын туған күнімен құттықтаймыз

Бүгін ҚР Президент әкімшілігінің басшысы, ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков 63 жасқа толды.

Әділбек Рыскелдіұлы 1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған.

1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қаласы) экономика факультетін бітірген, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен.

2016 жылдың 7 желтоқсанында Астанада өткен Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясының есеп беру-сайлау конференциясында Әділбек Рыскелдіұлының кандидатурасы бірауыздан қолдау тауып, федерация президенті болып сайланған болатын.

Федерация және спортшылар атынан Әділбек Рыскелдіұлын туған күнімен құттықтай отырып, еліміздің дамуы жолында атқарып келе жатқан қызметіне жеміс, отбасына амандық, бастамаларына сәттілік тілейміз.

Тізімге қайта оралу