Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Дмитрий Коблов 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден жүлдеге таласады

08.07.2017

Бек Төлеуов  
107
 Дмитрий Коблов 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден жүлдеге таласады

Бүгін ерлер арасында 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден іріктеу бәсекелері аяқталды. Қазақстанның атынан қатысқан екі спортшының біреуі финалға жолдама алды.

Бхубанешварда Дмитрий Коблов бұл қашықтықты 50,99 секунд жүгіріп өтіп, мәреге үшінші келді. Ал тағы бір қазақстандық Игорь Кондратьев өз тобында тек алтыншы орын алды. Оның уақыт көрсеткіші – 53,61 секунд. Жалпы есепте 17-орынмен финалға ілікпей қалды.

Коблов іріктеу кезеңінде 20 қатысушы ішінде мәреге  бесінші болып жетті. Финал бүгін кешкісін басталады.

Азия чемпионаты. Бхубанешвар, Үндістан.

400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру. Іріктеу сыны, ерлер:

Бірінші топ

1.    Чень Чи (Китайский Тайпей) – 50,64 с

2.    Эм Карам (Кувейт) – 50,90 с

3.    Дмитрий Коблов (Қазақстан) – 50,99 с

Екінші топ:

1.    Эрик Шон Крэй (Филиппин) – 50,85 с

2.    Джабир Мар (Үндістан) – 51,06

3.    Абдулла Ризкал (Сауд Аравиясы) – 52,05 с

… 6. Игорь Кондратьев (Қазақстан) – 53,61 с

Тізімге қайта оралу