Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Ел чемпионаты – Найза лақтыруда шығыстықтардан асқан шебер жоқ

13.06.2017

113
Ел чемпионаты – Найза лақтыруда шығыстықтардан асқан шебер жоқ Артур Гафнер найзасын 65 метрден асыра лақтырды. Фото - Эдуард Гавриш

Қазақстан чемпионатының бірінші күні Шығыс Қазақстан облысының екі атлеті өз командасының қоржынына екі алтын салды. Екеуі де найза лақтырудан.

ЕРЛЕР

Өскеменде бір бала өсіп келеді. Енді бір айдан кейін 19-ға толады. Егер дұрыстап тәрбиелесе болайын деп-ақ тұр. Шынында да, шығыстық Артур Гафнерге қарсылас шақ келмеді. Бастапқы сында-ақ қолындағы найзасын 65.08 метрге лақтырып, бәсекелестерінің бастарын салбыратты. Мысалға айтар болсақ, екінші орыннан көрінген Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Евгений Анохиннің көрсеткіші – 56.53 метр. Үшінші орынды Шымкенттен келген 18 жасар Рустам Турданиязов жеңіп алды.

Найза лақтыру (ерлер):

1.     Артур Гафнер (ШҚО) – 65,08 м

2.     Евгений Анохин (СҚО) – 56,53 м

3.     Рустам Турданиязов (ОҚО) – 51,38 м

ҚЫЗДАР

Қыздар арасында 20-ға енді ғана толатын шығыстық тағы бір атлет Варвара Назарова 50.58 метр көрсеткішіне қол жеткізіп, ел чемпионы атанып қана қоймай, өзінің жеке рекордын жаңартса, екінші және үшінші орындарды маңғыстаулық арулар Әсия Рабаева мен Надежда Кирнос жеңіп алды.

Найза лақтыру (қыздар):

1.     Варвара Назарова (ШҚО) – 50,58 м

2.     Асия Рабаева (Маңғыстау) – 47,29 м

3.     Надежда Кирнос (Маңғыстау) – 35,82 м   

Тізімге қайта оралу