ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
Екі дүркін Азия ойындарының чемпионы – 32 жаста
184

Екі дүркін Азия ойындарының чемпионы – 32 жаста

Бүгін жеңіл атлетикадан екі дүркін Азия ойындарының чемпионы Маргарита Мұқашеваның туған күні. Спортшы 31 жасқа толды.

Маргарита Мұқашеа – 1986 жылы 4 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданында дүниеге келген. Петр Литвиненко пен Анатолий Бычаевтан тәлім алған. Жеңіл атлетикамен 14 жасынан айналысады. Негізі тегі – Мацко. Бұрын жарыстарға Маргарита Мацко болып қатысқан. Кейін тұрмысқа шыққан соң, тегін Мұқашева деп өзгертті.

Маргарита негізнен 800 метрге жүгіреді. Ұзақ жылдар бойы дәл осы қашықтыққа жүгіретіндердің арасында Қазақстан және Азия құрлығындағы үздік спортшылардың бірі.

Азия чемпионатында төрт рет жүлдеге іліккен. Бірақ алтын бұйырмады. Есесіне екі дүрін Азия ойындарының чемпионы. Алдымен 2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында топ жарса, кейіннен бұл жетістігін 2014 жылы Инчхонда қайталады.

Сондай-ақ 2013 жылы Қазанда өткен студенттер арасындағы жазғы Универсиада ойындарында үздік шықты. Айтпақшы, Татарстан астанасында ол Қазақстан рекордын жаңартты (1:58,96).

Лондон және Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысқан. Бразилиядағы 4 жылдықтың басты додасынан кейін тұрмысқа шығып, уақытша спортпен қоштасты. Биыл Роман есімді ұлды дүниеге әкелген соң, спортшы дайындықты қайта бастады. Жаңа маусымда Қазақстандағы және халықаралық арендағы жарыстарға қатысуды көздеп отыр.

– Қолыма нәрестемді алып, өз-өзіме келе бастаған соң, аздаған жаттығулар жасап жүрдім. Күнделікті аздап жүгіріп, жаттығулар жасап тұрамын. Мұны әрине толыққанды жаттығу деп айтуға келмейді.  Шынымды айтсам, жеңіл атлетиканы сағынып қалыппым. Енді спорттық бабымды қайта қалпыма келтірсем, жарыс жолына шығатын боламын. Негізі бұған дейін де мұндай үзілістер болған. Мысалы, 2015 жылы ешқандай жарысқа қатыспадым. Себебі сол кезде қатты шаршадым, демалуды дұрыс деп таптым. Кейіннен қайтадан жаттығу жұмыстарын бастап, Олимпиада жолдамасына қол жеткіздім, – дейді Маргарита Мұқашева.

Тізімге қайта оралу