Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Екатерина Шлыкова жеке рекордын жаңартып, Подербрадыдан күміс жүлде еншіледі

08.04.2018

50
Екатерина Шлыкова жеке рекордын жаңартып, Подербрадыдан күміс жүлде еншіледі

7 сәуір күні Чехияның Подебрады қаласында өткен спорттық жүрістен халықаралық турнирде 18 жастағы қазақстандық Екатерина Шлыкова күміс жүлде еншіледі. Сондай-ақ отандасымыз 10 шақырымда өзінің жеке рекордын жаңартты.

Подебрадыда Шлыкова жасөспірімдер арналған 10 шақырымдық қашықтықта сынға түсті. Жарыс жолына Еуропаның 11 елінен 28 спортшы шықты. Сонымен қатар Қазақстаннан Екатерина қатысты.

Жерлесіміздің бұған дейінгі жеке рекорды –54:26 минут болатын. Ол бұл жолы Чехияда мәрге 50:15 минутта жетті. Сөйтіп, турнирдің күміс жүлдесін еншілеп, әр жеке рекордын 4 минутқа дейін жақсартты. Ал чемпион Ирландияның танылып қалған атлеті Орла О’Коннор болды (49:23). Басты фавориттердің бірі – Германия спортшысы Джулия Рихтер қола жүлдені қанағат тұтты (50:35). 

Тізімге қайта оралу