Жеңіл атлетика Федерациясының кезектен тыс конференциясы өтеді

Жеңіл атлетика Федерациясының кезектен тыс конференциясы өтеді

2017 жылдың 7 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Marriott Astana» қонақүйінің «Теңіз-Зайсаң» залында ҚР жеңіл атлетика Федерциясының кезектен тыс конференциясы өтеді. Жиында 2017 жылдың спорттық нәтижелері салтанатты түрде қорытындыланады. Конференцияға ҚР жеңіл атлетика Федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысады.

Конференцияда келесі сұрақтар қарастырылады:

1)      Ревизиялық комиссия мүшелерінің өкілеттіктерін сайлау және мерзімінен бұрын тоқтату туралы, сондай-ақ аудиторлық ұйымның анықтамасы.

2)      Федерацияның басқа заңды тұлғаларды құру немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау.

3)      Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің 2017 жылғы есебін бекіту.

4)      Бірінші вице-президент  Табанов Эльдар Рашидұлының баяндамасын бекіту.

5)      Федерацияның жаңа мүшелері және жаңа құрамның тізімін бекіту туралы.

«Marriott Astana» қонақүйінің  «Балқаш» залында іс-шараның екінші бөлімі жалғасады. Онда Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді. Сондай-ақ «2017 жылғы ең үздік спортшы», «2017 жылғы ең үздік жоба» және 2017 жылғы үздік федерация» номинацияларының жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі және Ұлттық олимпиадалық комитеттің жеңіл атлеттерге арнайы сыйлығы табысталады.

Конференцияның басталуы – 13:00, ал салтанатты марапаттау рәсімі – 13:40.

 

Тізімге қайта оралу