Элина Михина  Altay athletics club клубына қабылданады
200

Элина Михина Altay athletics club клубына қабылданады

Жақын арада алғашқы қазақстандық кәсіби клуб Altay athletics биылғы жылы қатарын жаңа спортшылармен толтырмақшы. Олардың арасында 400 метрге жүгіретін жергілікті спортшы Элина Михина да бар.

Риддер қаласының тумасы 2017 жылы Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарында жеңімпаз атанған болатын.

– 8 қаңтар күні Өскеменде оқу-жаттығу жиыны басталады. Сол кезде клубпен келісімшартқа қол қоятын боламын. Altay athletics – Қазақстан жеңіл атлетикасын дамытудың алғышарттарының бірі деп айта аламын. Клуб мүшелері халықаралық коммерциялық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады. Оның бәрі спортшының кәсіби түрде өсуіне пайдалы, – дейді Элина Михина.

Айта кетейік, Altay athletics құрамында Ольге Рыпакова, Артур Гафнер, Варвара Назарова, Дэйзи Джипкемей, Каролин Чипкоич, Норе Тануи, Шэдраку Кимутаи секілді спортшылар бар.

Элина Михина ақпан айының басында Иран астанасы Тегеранда өтетін Азия чемпионатына қатысады. Ол былтыр 400 метрді 53, 15 секундта жүгіріп өткен еді. Бирмингемде өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына жолдама алуға 0,22 секунд жетпей қалған. 

Тізімге қайта оралу