Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Элина Михина – Азия Гран-приінің екі дүркін чемпионы

02.05.2017

Бек Төлеуов  
184
Элина Михина – Азия Гран-приінің екі дүркін чемпионы

Қытайлық Тайбэйдегі Азия Гран-приінің үшінші кезеңінде Қазақстанға үшінші алтынды қоржынға 400 метрге жүгіруден әйелдер арасында сынға түскен Элина Михина сыйлады.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы мәреге 52, 55 секундта жетті. Күміс екінші мәрте вьетнамдық Куач Ти Ланға (53,11 сек) бұйырды. Қола жүлде бұл жолы үндістандық Поовамма Мачеттираның (54,50 сек) қанжығасында кетті. Осыған дейін екі кезеңде қола жүлде алған қытайлық Фу На бұл жолы үздік үштіктен көріне алмады.

Құрлықтың Гран-приінен екі алтын, бір күміс еншілеу Михинаға алдағы жарыстарда сенімділік сыйлайтыны анық. Тамыз айында Лондонда өтетін әлем чемпионатының нормативі – 52, 10 секунд. Өткен жылы риддерлік спринтер Алматыда өткен Ғ.Қосанов мемориалында 400 метрді 52,09 секундта қиған болатын. Бұл оның әзірге жеке рекорды.

Тізімге қайта оралу