Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Элина Михина вьетнамдық спортшыны қапы қалдырды

28.04.2017

Бек Төлеуов  
140
Элина Михина вьетнамдық спортшыны қапы қалдырды

Қытайдың Цзясин қаласында өткен Азия Гран-приінің екінші кезеңінде  400 метрге жүгіру бойынша әйелдер арасында сынға түскен қазақстандық Элина Михина сенімді түрде жеңіске жетті.

Цзясиндегі Гран-приде 2 жастағы атлет 400 метрді 52, 79 секундта бағындырды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы осы жолы басты қарсыласы вьетнамдық Куач Ти Ланды артқа қалдырды. Ол мәреге 53,85 секундта жетті. Қола жүлде тағы да қытайлық Фу Наға бұйырды (54,34 сек).

Айта кетейік, 24 сәуірде өткен бірінші кезеңде вьетнамдық спортшы Элинадан 0,2 секундқа озып кетіп, бірінші орын алған болатын. Бұл жолы барлығы керсінше өрбіді. Жерлесіміз сенімді түрде алтынға қол жеткізді.

Михина Азия Гран-приіне 2015 жылдан бері шақырту алып жүр. Ол кезде бірақ үздік үштіктен көрінбеген еді. Бұл жолы екі кезеңде де жүлдеге ілігіп отыр. Жас спортшы үшін бір алтын, бір күміс жақсы көрсеткіш.

Тізімге қайта оралу