Елсияр Қанағатов: Астана халықаралық марафонына қатысушылады тіркеу басталып кетті
Бек Төлеуов  

Елсияр Қанағатов: Астана халықаралық марафонына қатысушылады тіркеу басталып кетті

Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Астана марафонына арналған баспасөз мәжілісі өтті.

Баспасөз мәжілісіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов пен Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев қатысты.

 – Қазіргі кезде ЭКСПО-2017 көрмесі аясында көптеген халықаралық мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі – Астана халықаралық марафоны. 27 тамыздағы халықаралық марафонды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Жеңіл атлетика Федерациясы, Астана қаласының әкімдігі бірігіп өткізеді. Сондай-ақ қосымша Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес көмектеседі. Жалпы, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек,  ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар. Астана марафонның маңыздылығы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылып отыр. Халықаралық марафон – Астана қаласын, елімізді танытуға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын, – дейді Е. Қанағатов.

Бұған дейін Қытай астанасы Пекинде әлемге танымал халықтық Жэньминь Жибао сайтының ғимаратында баспасөз конференциясы өткізілген еді. Сол жиынды онлайн режимде миллионнан астам адам тамашалаған. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасының айтуынша, Астана марафонын қазіргі кезде қытайлық ақпарат құралдары арқылы да насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

– Старт MEGA Silk Way сауда орталығынан басталады. Жалпы, марафонның жүлде қоры – 22 миллион теңгені құрап отыр. ЭКСПО аясында болғандықтан шетелдік қонақтарға да жүлде тарату көзделген. Өзіміздің жоспар бойынша 1000 адамға жуық шетелден марафоншы келуі тиіс. Қытайдағы баспасөз мәжілісінен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымының жанынан қатысушыларды тірейтін сайт ашылды. Қазіргі таңда шетелдік 390 адам тіркеуден өтті. Сондай-ақ ҚР Жеңіл атлетика Федерациясы жанынан да сайт ашылып, тіркеу жұмыстары басталып кетті. Жалпы, 5000 мыңнан астам қатысады деп күтіліп отыр. Осы марафонға байланысты федерациямен  бірлесіп жасап жатқан шарларымыз бар. Бастысы, марафонды жоғары деңгейде өткіземіз деп үміттенеміз, –деді Елсияр Баймұхамедұлы.

Естеріңізге салайық, «ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 08:00-де басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген.

Марафонға онлайн тіркелу 15-ші шілдеде басталған болатын.  Өтініш беру www.scomarathon2017.kz сайты арқылы жүргізілуде. 

Еске сала кетейік, ШЫҰ алғашқы марафоны 2016 жылы өткізген болатын. Ол кезде  төрт құрлықтан 15,6 мың адам қатысты. Марафон ШЫҰ құрылуына 15 жыл толуына орайластырылып, ұйымдастырылған еді.

Тізімге қайта оралу