Ертең Белектегі оқу-жаттығу жиыны аяқталады
263

Ертең Белектегі оқу-жаттығу жиыны аяқталады

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы 9 қазаннан бері Түркияның Белек қаласында ағзаны қалыпқа келтіруге арналған оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Ертең соңғы күн.

Жиынға 27 спортшы шақырылған. Оның ішінде 8 ер, 19 әйел атлет бар. Спортшылармен бірге 7 жаттықтырушы бірге барды.

– Түркиядағы жиынға ұлттық құрама мүшелерімен қатар бірнеше жас жеңіл атлетті шақырттық. Көбісі жасөспірімдер. Олар – болашағынан үлкен үміт күттіретін перспективасы жоғары спортшылар. Алдағы уақытта құрамадағы қыз-жігіттердің орнын басатын резерв ретінде қарастырып отырмыз. Мұндай оқу-жаттығу жиыны жастар үшін пайдалы. Бұл жинның оларға стимул болатынына сеніміміз мол. Біз өз кезегімізде барлығын бақылап,ой-елегінен өткіземіз, сараптама жасаймыз, – дейді ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров. 


Тізімге қайта оралу