Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Вера Карпованы еске түсіруге арналған республикалық матчтық кездесуге 160 атлет қатысты

06.11.2017

64
Вера Карпованы еске түсіруге арналған республикалық матчтық кездесуге 160 атлет қатысты

Қарағандыда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вера Карпованы еске түсіруге арналған XII республикалық матчтық кездесу өз мәресіне жетті.

Жарысқа 2004 жылы туған 160 спортшы қатысты. Ұлдар мен қыздар осы матчтық кездесуде өнер көрсету үшін алдымен іріктеуден өткен. Қарағандыға өзге өңірлердің де спортшылары да келген. Мысалы, Ақмола облысының Көкшетау қаласы мен Саумалкөл ауылынан және Талдықорған, Ақтау, Өскемен, Екібастұз, Абай, Сәтпаев, Теміртау, Шахтинск қаласының жас атлеттері өнер көрсетті.

Айта кетейік, Вера Карпова – Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Дмитрий Карповтың анасы. Тұрмысқа шыққанша тегі Ткаченко болған. 19-дүркін Қазақстан рекордсмені. 2004 жылы аса ауыр дерттен қайтыс болды.

Вера Федоровна 30 жыл бойы Қарағандыда жаттықтырушылық қызмет атқарды. Үш бала тәрбиелеп өсірді. Үлкен ұлы – Максим Карпов ұзындыққа секіру бойынша КСРО құрамасының сапында өнер көрсеткен. Дмитрий Карпов – көпсайыстан Афины Олимпиадасының қола жүлдегері. Қызы – Анна Карпова анасының жолын қуып, жетісайыспен айналысты.2001 жылы жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанған. 

Вера Карпованы еске түсіруге арналған XII республикалық матчтық кездесудің нәтижесі:

Көп сайыс, қыздар:

1-орын – Федорук Елизавета, ОМБЖОРМ

2 орын –Анастасия Цвиркунова, Темиртау

3 орын –Валерия Сафонова, ОМБЖОРМ.

Көп сайыс, ұлдар:

1-орын – Никита Максимов, МБЖОРМ

2-орын – Әділ Омарбеков, Екібастұз;

3-орын  –Богдан Кисельчак, ОМБЖОРМ.

Командалық жарыс, қыздар:

1-орын – ОМБЖОРМ, Қарағанды облысы

2-орын – СБДБОММИ, Қарағанды қаласы

3-орын – МБЖОРМ, Қарағанды қаласы.

Командалық сайыс, ұлдар:

1-орын – МБЖОРМ, Қарағанды қаласы

2-орын – ОМБЖОРМ, Қарағанды облысы

3-орын – Екібастұз қаласының командасы

Тізімге қайта оралу