Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Федерация өкілдері «Сайрам» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді

26.10.2017

72
Федерация өкілдері «Сайрам» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді

25 қазан күні Қазақстан жеңіл атлетика федарациясы ғылыми-техникалық орталығының өкілдері және жаттықтырушылары Оңтүстік Қазақстан облысының «Сайрам» балалар үйінің 11-14 жас аралағындағы тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.

Алдымен ашық сабақ болды. Оған 11-12 жастағы балалар қатысып, жеңіл атлетика жайлы біраз қызықты ақпараттармен танысты. Одан кейін халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының Kids Athletics бағдарламасы бойынша сайысқа түсті. Старт кезінде балалар эстафеталық жүгіру, секіру, лақтыру сайыстарының қызығына кіріп, өздерінің физикалық және техникалық әлеуеттерін байқап көрді.

Жарыс аяқталған соң, балаларға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы дайындаған сыйлықтар таратылды. Аталған іс-шараға Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының демеушілік жасады.

Айта кетейік, осының алдында Қарағандыда  облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің алғашқы жаттығулары өткен болатын 

 

Тізімге қайта оралу