Жабық кешендегі Азия чемпионатының толық қорытындысы
206

Жабық кешендегі Азия чемпионатының толық қорытындысы

Иран астанасы Тегеран қаласында жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты өтті. Оған Қазақстан құрамасы да қатысып, сәтті өнер көрсетті.

Әсіресе, қыздар көңілден шықты. Тегеранға 13 аруымыз келген. Олар 11 сайыс түрінен сынға түсіп, тоғзында жүлдеге ілікті. Тек ұзындыққа секіру мен бессайыстан ештеңе бұйырмады.

Иран Ислам Республикасының заңына сәйкес әйелдердің сайысын ерлердің көруіне тыйым салынған. Сондай-ақ төреші, бапкерлер, техникалық персоналға дейін әйел болуы қажет. Видеоға, фотоға түсіруге рұқсат жоқ. Тек марапаттау рәсімі кезінде ғана мүмкіндік беріледі.

Сондықтан әйелдердің сайысы үш күн қатарынан таңертеңнен түске дейін өтті. Алғашқы күні 3000 метрге жүгірген Татьяна Нерознак екінші орындағы қырғыз қызын 15 секундқа артқа тастап, чемпион атанды.

Нерознак кейіннен 1500 метрде екінші орын алды. Сөйтіп, жабық кешендегі Азия чемпионатының барлық медальдар жиынтығына қол жеткізді. Өйткені, 2014 және 2016 жылдары 800 метрге жүгіруден қола жүлде еншілеген.

Сондай-ақ 400 метрге жүгіруден қазақстандық Светлана Голендова мен Элина Михина алтын мен күмісті өзара бөлісті. Алматы қаласындағы мектептердің бірінде 11 сыныпта оқитын 17 жастағы Анастасия Ермакова сырықпен секіруден үздік шықты (3.70 метр).

Осыдан 2 жыл бұрын 60 метрге жүгіруден жабық кешендегі Азия чемпионатының рекордын жаңартқан Виктория Зябкина бұл жолы екінші орынды қанағат тұтты.

Қуанышты жаңалықтардың бірі қазақ қыздары арасынан алғаш болып, Әйгерім Шыназбекова 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңіске жетті. Әйгерімнің уақыт көрсеткіші – 8.32 секунд.

Үш қарғып секіруден Ирина Эктова айқын басымдық танытты. Ол Тегеранда 13.79 метрге секіріп, екінші орындағы үндістандықтан 42 сантиметрге озып кетті. Эктовадан бөлек, Қазақстаннан бұл сайыс түрінен 2017 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы Мария Овчинниковадан барған еді. Бірақ бұл жолы Мария төртінші орынды қанағат тұтты. 19 жастағы спортшы ең жоғарғы көрсеткіші – 13 метр болды.

Ирина одан кейін ұзындыққа секіруден де қатысқан болатын. Алайда төртінші орыннан әрі аса алмады. Ал биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая қола жүлде қол жеткізді.

Азия чемпионатының соңғы күнінде 4х400 метрлік эстафетадан қыздар аса қиналмай жеңіске жетті. Өкінішке қарай, бессайыстан Надежда Кирнос жарысты төртінші орынмен аяқтады.

Ерлерден сырықпен секіруден Никита Филиппов алтын алды. 4х400 метрлік эстафетадан күміс медаль бұйырды. Ядро серпуден Иван Иванов бесінші, 400 метрге жүгіруден Михаил Литвин мен Данил Полянский (сырықпен секіру), төртінші орынды қанағат тұтты.

Сондай-ақ Роман Лошкарев (биіктікке секіру), Вячеслав Земс (60 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Виталий Земс, Владислав Григорьев (екеуі де – 60 метрге жүгіру), Дмитрий Коблов (400 метрге жүгіру), Сергей Зайков, Андрей Соколов (800 метрге жүгіру) жүлдесіз қалды.

Жабық кешендегі Азия чемпионаты. Тегеран, Иран.

Әйелдер:

60 метрге жүгіру

1. Лиан Сяочжи (ҚХР) – 7.20 с

2. Виктория Зябкина (Қазақстан) – 7.39

3.  Фарзанеш Фасиши (Иран) –7.44 

...

5. Рима Кашафутдинова (Қазақстан) –7.50. 

400 метрге жүгіру

1. Светлана Голендова (Қазақстан) – 53.28 с

2. Элина Михина (Қазақстан) – 53.49

3. Малика Валавве(Шри-Ланка) –54.90.

1500 метрге жүгіру

1.  Гаянтика Аберахна (Шри-Ланка) – 4.26.83 мин

2. Татьяна Нерознак (Қазақстан) – 4.28.20

3. Тхи Оан Нгуен (Вьетнам) – 4:28.87.

 3000 метрге жүгіру

1.     Татьяна Нерознак (Қазақстан) – 9.33,65 мин.

2.     Гулшана Сатарова (Қырғыстан) – 9.48,03

3.     Тхи Оан Нгуен (Вьетнам) – 9.48,48

4х400 метрлік эстафета

1.Қазақстан – 3:41.67 мин

2. Иран – 3:51.39

3. Түркіменстан – 3.58.81.

Кедергілер арқылы жүгіру

1.Әйгерім Шыназбекова (Қазақстан) – 8.32 с

2. Эльназ Компани (Иран) — 8,46

3. Сара Надафи (Иран) — 8,87.

Биіктікке секіру

1. Надия Дусанова (Өзбекстан) – 1,87 м

2. Сепидех Таваколи (Иран) – 1,80 м

3. Надежда Дубовицкая (Қазақстан) – 1,80 м.

Сырықпен секіру

1. Анастасия Ермакова (сырықпен секіру) – 3.70 м

2. Махса Мирзатабиби (Иран) – 3.50

3. Сара Карими (Иран) – 2,40

3. Нилофар Фашхорани (Иран) – 2,40

Үш қарғып секіру

1. Ирина Эктова (Қазақстан) – 13.79 м

2. Шина Нелликал (Үндістан) – 13,37 м

3. Тхи Тху Тхао Буи (Вьетнам) – 13,22 м

4. Мария Овчинникова (Қазақстан) – 13,00 м

Бессайыс

1.     Сепидех Таваколи (Иран) – 4 038 ұпай

2.     Александра Юркевская (Өзбекстан) – 3 858

3.     Ирина Велиханова (Түркменстан) – 3 730

4.     Надежда Кирнос (Қазақстан) – 3 723.

Ерлер

60 метрге жүгіру

1. Хасан Тафтиан (Иран) – 6.51 с

2. Огюноди Тосинджиосепх (Катар)  – 6.63

3. Kанадасан  Елаккиайдасан (Үндістан) – 6.67

...

8.  Владислав Григорьев (Қазақстан) – 6.88.


60 метрге кедергілер арқылы жүгіру

1. Альмандил Абдулазиз (Кувейт) – 7,71

2. Цзен Чжианхан (Қытай) – 7,74

3. Омуро Хидаки (Жапония) – 7,81

7. Вячеслав Земс (Қазақстан) – 7,96 

400 метрге жүгіру

1.     Абдалелах Харун (Катар) – 46,37 с

2.     Карам Юсеф (Кувейт) – 46,66

3.     Мохамед Аббас (Катар) – 46,76

4.     Михаил Литвин (Қазақстан) – 47,51

Сырықпен секіру

1.     Никита Филиппов (Қазақстан) – 5.20 м

2.     Мохаммад Баниадам (Иран) – 5.20

3.     Али  Алсобагхах (Кувейт) – 5.20

4.     Даниил Полянский (Қазақстан) – 5.20.

Ядро серпу

1.    Али Самари (Иран) – 19,42 м

2.    Тажиндер Пал Сингх (Үндістан) – 19,18

3.    Ву Чжисян (Қытай) – 18,81

5. Иван Иванов (Қазақстан) – 18,31.

Биіктікке секіру

1. Мутаз Баршим  (Катар) – 2.38 м

2. Кейван Гханбарзадех (Иран) – 2.15

3. Замди (Катар) – 2.15

...

8. Роман Лошкарев (Қазақстан) – 2.00.

 

4х400 метрлік эстафета

1. Катар – 3:10.08 мин

2. Қазақстан – 3:11.68

3.Иран – 3.11.74.

 

Алтын

1. Татьяна Нерознак, 3000 метрге жүгіру
2. Ирина Эктова, үш қарғып секіру

3.

Светлана Голендова, 400 метрге жүгіру
4. Әйгерім Шыназбекова, 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру
5. Анастасия Ермакова,  сырықпен секіру
6. Никита Филиппов, сырықпен секіру
7. 4х400 метрлік эстафета, әйелдер (Светлана Голендова, Аделина Ахметова, Виктория Зябкина, Элина Михина)+

Күміс

1.Виктория Зябкина, 60 метрге жүгіру
2. Элина Михина, 400 метрге жүгіру
3. Татьяна  Нерознак, 1500 метрге жүгіру
4. 4х400 метрлік эстафета, ерлер (Андрей Соколов, Сергей Зайков, Дмитрий Коблов, Михаил Литвин)

Қола

1.      Надежда Дубовицкая, сырықпен секіру.

Тізімге қайта оралу