Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Анастасия Ермакова бесінші алтынды сыйлады
Бек Төлеуов  
233

Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Анастасия Ермакова бесінші алтынды сыйлады

Иран астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде әйелдер арасында сырықпен секіруден қазақстандық Анастасия Ермакова жеңіске жетті.

17 жастағы спортшы Тегеранда 3.70 метрге секіріп, соның арқасында чемпион атанды. Екінші орындағы Иран спортшысы 20 сантиметрге қалып қойды.

Анастасия бұған дейін 10 қаңтарда Өскеменде өткен Қазақстан кубогында 3.81 метрге секііп, жастар арасындағы Қазақстан рекордын жаңартқан еді.

Айта кетейік, Қазақстан спортшылары жабық кешендегі Азия чемпионатынан әзірге 5 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Анастасияның алдында Ирина Эктова (үш қарғып секіру), Светлана Голендова (400 метрге жүгіру), Татьяна Нерознак (3000 метрге жүгіру), Әйгерім Шыназбекова (60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру) чемпион атанған болатын. Сондай-ақ Виктория Зябкина (60 метрге жүгіру), Элина Михина (400 метрге жүгіру) күміс, Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) қола жүлде жеңіп алған.

Жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты. 2 ақпан. Иран, Тегеран. Сырықпен секіру, әйелдер:

1. Анастасия Ермакова (сырықпен секіру) – 3.70 м

2. Mahsa Mirzatabibi (Иран) – 3.50

3. Sara karimi (Иран) –2.40.

Тізімге қайта оралу