Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Ерлер арасындағы жарыстардың күнтізбесі
178

Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Ерлер арасындағы жарыстардың күнтізбесі

Жеңіл атлетика жанкүйерлерін ақпан айының алғашқы үш күнінде жабық кешендегі Азия чемпионаты күтіп тұр. Бүгін сіздердің назарларыңызға ерлер арасындағы сайыстың күнтізбесін ұсынамыз.

Құрлық біріншілігі 1-3 ақпан аралығында Иран астанасы Тегерандағы Aftab Enghelab Complex кешенінде өтеді. Осымен сегінші рет ұйымдастырылып отырған жабық кешендегі Азия чемпионатының ерлер арасындағы күнтізбесі мынандай:

1 ақпан (бейсенбі)

17:10. 60 метрге жүгіру, іріктеу кезеңі. Владислав Григорьев, Виталий Земс

18:00. Биіктікке секіру, финал. Роман Лошкарев

18:30. 400 метрге жүгіру, іріктеу. Михаил Литвин, Дмитрий Коблов

19:00. 800 метрге жүгіру іріктеу. Игорь Кондратьев, Сергей Зайков

20:10. 60 метрге жүгіру, финал.

2 ақпан (жұма)

18:00. 60 метре тосқауылдар арқылы жүгіру, іріктеу. Вячеслав Земс

18:15. Ядро серпу, финал. Иван Иванов

18:30. 400 метрге жүгіру, финал.

18:45. 800 метрге жүгіру, финал.

19:30. Сырықпен секіру, финал. Никита Филиппов, Даниил Полянский

20:00. 4х400 метрлік эстафета,іріктеу. Михаил Литвин, Дмитрий Коблов, Игорь Кондратьев, Сергей Зайков, Андрей Соколов, Владислав Григорьев

                                                                  3 ақпан (сенбі)

18:00. 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, финал.

20:10. 4х400 метрлік эстафета, финал.

Жарыстардың уақыты Тегерандағы жергілікті сағатпен көрсетілген. Иранның уақыт белдеуі Астанадан екі жарым сағатқа кем.

Азия чемпионатында ерлер арасындағы жарыстар 13 сайыс түрі бойынша өткізіледі. Қазақстаның атлеттері оның ішінде сегізінен жарысқа түседі. Жалпы, 12 жігіт ел намысын қорғайды.

Тізімге қайта оралу